Мәселе

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

  • Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

    Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер растады.


"Демалыс күні Астанадағы ЕЦ 166/1 мекемесінің қызметкері суицид жасады. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Астана қаласы бойынша ІІД-нің Алматы аудандық ІІБ тергеу жүргізіп жатыр", - делінген Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің редакция жолдаған сауалға берген жауабында. 11 желтоқсанда астаналық адвокат Аманжол Мұхамедьяров Facebook желісіндегі парақшасында Бас прокуратура, ІІМ, Ұлттық бюро мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне үндеу жасаған еді. Ол Астанадағы ЕЦ-166/1 тергеу изоляторында тексеріс жүргізуді сұраған болатын. Аманжол Мұхамедьяров арнайы мекемеде жасалған суицид жайлы сотталушы әрі қорғалушысы Айдын Алпысбаевтан білгенін айтып өтті. "Астаналық адвокат Мұхамедьяровтың Facebook әлеуметтік желісіндегі хабарламасы жайында айтатын болсақ, онда көрсетілген мәліметтер сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Астана қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу бастады", - деп хабарлады комитеттегілер.

 




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.12.2017, 14:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31