Мәселе

Астанада туған қызын тепкілеп тастаған әкеге қатысты сұмдық жайттың беті ашылды

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Астанада туған қызын тепкінің астына алып, миын шайқалтқан азаматқа қатысты сұмдық жайттар белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.


Елордада күні кеше ғана туған қызына қол көтеріп, соққыға жыққан Астана тұрғыны жайлы ақпарат тараған еді. 10 наурыз күні кешкі сағат 21:25-тер шамасында орын алған оқиғаға қатысты жеткіншектің анасы өз шындығын айтып берді. Айтуынша, отағасы осымен бірнеше жыл бойы келіншектің өзіне де қол көтеріп келген.


«Шыны керек, осы ісімен ол менің шыдамымның шегіне жетті. Маған қол көтерсе мейлі, бірақ туған перзентін тепкілеп тастағанын қалай кешіруге болады? Бәрін басынан бастап айтып берейін. Біздің шаңырақ құрғанымызға 15 жылдан астам уақыт болды. Сол жылдар бойы ол маған қол көтеріп, ойына келгенін жасап келді. Қанша рет құқық қорғау органдарына арыз да жаздым, бірақ, амал нешік? Ондағылар айыппұлын төлетіп шығарып жібереді. Сосын, ол қайтадан бұрынғы әуеніне басып, мені соққының астына алады.

Былтыр, тіпті, түнгі сағат 12-де туған-туыстарымен бірге мені 5 баламмен қосып пәтерден қуып шықты. Ол кезде, тіпті, кіші балам – 4 айлық қана еді. Туыстары да не маған, не балаларыма қарайласпайды. Ағасы осы өңірдегі аудандардың бірінде белді қызметте отыр. Аллаға шүкір, қазір ажырасқанбыз, бірақ, соның өзінде маған да, балапандарыма да күн көрсетпейді»»,-деп мәселені баяндап берді қыздың анасы.


Келіншек, сондай-ақ, биылдың өзінде жолдасы оны үш рет көк ала қойдай етіп ұрып тастаған айтып берді.


«Жыл басынан бастап үш рет тепкілеп тастады. Сот болды, сол баяғы 36 мың теңгесін төлейді де, сүттен ақ, судан таза болып шығады. Қазір, балалар туған әкелерін іздемейді, тіпті, көргілері де келмейді. Олар да осы жылдар бойы психологиялық тұрғыда қысым көріп келді. Себебі, мені үнемі солардың көзінше соққыға жығатын. Ол аздай, жұмыс орныма келіп шу шығаратын»,-деп күйінді келіншек.

Зәбір көрген жеткіншектің анасы 10-наурыз күні болған оқиғаны да тәптіштеп баяндап берді.


«Ол үнемі мені «балаларымды көрсетпейді, кездесуге рұқсат бермейді» деп шағымданады екен. Сосын, тағы шу шығарама деп қорқып, сол күні кішкентайлармен серуендеп келуге рұқсат бергенмін. Жаңағы тепкінің астында қалған үшінші қызым кішілерін киіндіріп, әкесіне табыстау керек болатын. Таңертең әкесіне балаларды берген. Кешкісін, мен жұмыста болғандықтан, тағы да сол қызым бауырларын қарсы алу керек еді. Білмеймін, араларында не болғанын, бірақ, әкесі көлігінен шығып, туған қызына жұдырық ала жүгірген.


Қызым қорыққаннан подъезге кірген, қуып жетіп, тағы да тепкілей берген. Мен сол уақытта анаммен бірге үйге жетіп қалған едім. Қызымның жанұшырған дауысын естіп, подъезге алып ұшып кірдік, кірсек мынадай масқараның куәсі болдық. Қызымды жерге жатқызып қойып, басынан теуіп жатыр.

Содан көрген бойда, оған айқай салдық, ол бізді көрді де, сыртқа шығып, қашып кетті. Ал, сол күні ішімдік ішті ме, жоқ па нақты айта алмаймын. Негізі, бұрындары ішімдікке салынбайтын, қазір, құмар ойын ойнап, пәтерді де сатып жіберді дегенді естідік. Бірақ, рас-өтірігін нақты айта алмаймын»,-деп болған жайды баяндап берді көп балалы ана.

Сонымен бірге, қатыгез әкенің сол күні, үлкен ұлын да сабап тасғаны белгілі болды.


«Сол күні, болған жайттан кейін үлкен ұлыма қоңырау шалып, үйге тездетіп жет дедім. Ұлым келсе, әкесі сыртта көлікте отыр екен. Қарындасының жағдайын көріп, әкесіне «бізге тиіспе, кет бұл жерден» дегені сол еді, оған да қол көтере жөнелді. Қазір денесінде тіпті, аздаған жарақаттары да бар. Ертең, ауруханаға барып, қаратамыз ба деп отырмыз»,-деді келіншек.


Көп балалы ана, безбүйрек әкенің алимент те төлемейтінін айтты.


«Алимент төлемеу үшін, бәрін жасап отыр. «Біреудің көлік жүргізушісімін, айлығым 40 мың теңге» деп көрсетілетін жалған анықтама да жасап алуы мүмкін. Бірақ, жағдайы жақсы, қымбат тұратын Лексус көлігі де бар. Айтпақшы, сол дүние-мүлкінің бәрін 60 жастағы туыс әпкесінің атына аударып қойған. Қазір, тіпті, екі қабатты коттедж үй салды деп естідік.

Баларымның үлкені 16-да, кішім – 1 жас жеті айлық қана. Тағы да қайталап айтамын, Алла куә, бізден одан ештеңенің де керегі жоқ. Бір ғана тілегіміз бар – бізді жайымызға қалдырып, балапандарыма қол көтергені үшін, заң алдында жауап беріп, өз жазасын алса екен дейміз»,-деп сөзін қорытындылады келіншек.


Аталған оқиғаға қатысты, Астана қалысының ІІД баспасөз қызметі мамандарына хабарласқанымызда, олар «орын алған жағдайға қатысты ресми мәлімдемені кейінірек жасайтындықтарын» жеткізді. 




Көрілген: 4429    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 21:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31