Мәселе

Астанадағы автобус жүргізушілерінің ереуілі - "Astana LRT" не деп жауап берді?

  • © Sputnik / Ксения Воронина

    © Sputnik / Ксения Воронина

"Astana LRT" елордалық автобус жүргізушілерінің ереуілі туралы ақпаратты жоққа шығарып, қала тұрғындарын тексерілген ресми мәліметке ғана сенуге шақырды.


Елордалық автобус жүргізушілерінің ереуіл жасап, жұмысқа шығудан бас тартып жатқаны туралы қауесет 19 қазанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайда болып, Астанада тез тарап кетті.


Бұл ақпаратты естіген қала тұрғындары наразылықтарын білдірді, өйткені ауа райы күрт суытып кеткендіктен, қолайсыз мерзімге сәйкес келген. Жағымсыз пікірлер толастамаған соң, "Astana LRT" оқиғаның мән-жайын түсіндірді.


lКомпания таратылған мәліметті жоққа шығарып, шындыққа мүлдем жанаспайды деді.


"Бүкіл тасымалдаушылармен сөйлесіп, диспетчерлік қызмет арқылы тексердік, автобустар жоспарға сәйкес штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", — деп хабарлады "Astana LRT".


Қала тұрғындарының аялдамада қоғамдық көлікті ұзақ күтуіне ауа райы қолайсыздығына байланысты автобус жылдамдығын азайтуы себеп болған. Компания бұдан былай жалған ақпаратты таратпауды сұрады.


Sputnik


 




Көрілген: 307    Пікірлер: 0

сенбі, 20.10.2018, 14:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30