Мәселе

Астаналық ару салондарда массаж жасайтын "жігіттер" туралы шындықты айтты

  • Фото ашық дереккөзден алынды

    Фото ашық дереккөзден алынды

Астаналық бойжеткен елордадағы сән және спа-салондарындағы массаж жасайтын "ерлер" туралы бар шындықты баяндап берді. Айтуынша мұндай салондарда қызмет ететін "жігіттер" массаж жасаймыз деген желеумен, қыз-келіншектермен төсектес болып, олардың отбасын ойран етеді екен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.


Елордалық Айгүл (авт. бойжеткеннің аты-жөні өзгертілді) есімді бойжеткеннің айтуынша, оның құрбысының басынан дәл осындай жағдай өткен. Ол қаладағы спа-салондардың біріне барып, массаж жасайтын жігіттердің "сұмдық" әрекеттерінің куәсі болған екен.


"Өзімнің жалғыз ұлым бар, құрбыларым да жас отбасылар. Олармен қалаға қыдырып жиі шығатынмын, бірақ спа-салонға бірге барып көрмеппін. Құрбымның айтуы бойынша бірде ол қаладағы қымбат салондардың біріне барған. Сонда көргенін айтқанында жағамды ұстадым. Массаж жасайтын жігіттер отбасылы, үйлі-баранды әйелдермен төсектес болып, олардың отбасын ойран ететін көрінеді. Бастапқыда массаж жасаймыз дейді, кейін сезімге ерік беріп, қалай "жақындасып қойғандарын" білмей қалады екен. Сондай массажист жігіттердің бірі құрбыма да солай жасамақ болған. Бірақ ол жігіттің бетін қайтарып, енді әлгіндей салондарға аяқ баспайтындай күй кешіп отыр", - деп әңгімелеп берді келіншек.


Сонымен бірге ол отбасылы әйелдерге ондай салондарға бармауға кеңес берді.


"Заман бұзылып кеткен, біреумен төсектес болу, сондай күнәға бату қазір қалыпты жағдай болып кеткен. Бұрындары ата-әжелеріміз ешқандай салондарсыз-ақ өмір сүрген ғой? Отбасын сақтап қаламын, үлгілі ана-жар боламын деген келіншектерге ондай жерлерге бармауға кеңес беремін. Себебі, құдай шатастырамын десе өз қолында, сезімге ерік беріп, қалай ағаттық жасап қойғандарын білмей, кейін өкініп жүрген қанша адам бар. Қыз-келіншектерге айтарым, ондай жерден аулақ жүрсеңіздер", - дейді жас ана. 




Көрілген: 1271    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 15:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31