Мәселе

Астаналық әйел пәтерінде жылу болмағандықтан балаларын жетімдер үйіне өткізді

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Астана қаласында құрылыс салушылардың бірі Иманов және Брусиловский көшелерінің қиылысындағы мансарданы пәтерге айналдырған. Осы пәтерлердің бірінде әйел адам балаларымен бірге тұрып жатқан. Алайда бұл отбасы тұрып жатқан үйде жылу жоқ. Үйдің іші қатты суық болғандықтан, астаналық балаларын жетімдер үйіне өткізуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.


Жаңадан салынып жатқан 19 пәтерде жылу жоқ.


«Ол жерде үйлердің іші қатты суық. Осы қақаған аязға шыдамай бір әйел балаларын жетімдер үйіне өткізуге мәжбүр болды. Үйдің ішінде еркін жүріп-тұру мүмкін емес еді. Жағдай міне осындай», - дейді Ведомство аралық комиссия өкілі Татьяна Чурсина.


Әкімнің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, бір жыл бұрын Иманов және Брусиловский көшелерінде салушылар әкімдіктің кезекті отырысына келіп, аталған аймақтағы техникалық ғимараттарды пәтерге айналдырғылары келетіндерін айтқан.


«Осы жерге салушы мен мердігерді шақырдық. Мердігер өзінің қателікке бой алдырғанын түсініп, ешқандай пәтер сатпаған. Объектіні толықтай тұрғызған соң ешқандай қателік жібермейді. Осының барлығы туралы жазылған ресми протокол да бар. Десе де, аталған объектіні салушылар қайта өзгерткен. Қазір осы мәселе құқық бұзушылық болып есептеліп отыр», - дейді Сергей Хорошун.


Салушының қателігіне бола тұрғындар пәтерлерді өз аттарына рәсімдей алмай отыр. Әкімнің орынбасары осы мәселеге қатысты комиссия құрып, оны жан-жақты талқылауды ұсынды. 




Көрілген: 523    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.02.2018, 10:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31