Мәселе

Астаналық жігіт "хатшы" қыздар жайлы...

  • Көрнекі фото: TVNET

    Көрнекі фото: TVNET

Астаналық азамат елордадағы "хатшы қыздар" туралы бар шындықты жайып салды. Оның айтуынша, жас қыздар жұмысқа тұрып, қызметін өсіру үшін бастықтың "көңілін табудан тайынбайтын" көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ.


Елордалық Арман есімді (авт. аты-жөні өзгертілді) жігіт бұрындары Астанадағы белді кәсіпкердің жүргізушісі болғанын айтты.


Айтуынша, бай бастығына қызмет еткен ол ауқатты адамдардың "хатшы қыздармен" қалай көңіл көтергендігін талай рет көріпті.


"Астаналық секретаршалардың жұмысқа қалай тұратынын білеміз. Несін жасырайын, кезінде ауқатты бір кәсіпкердің жүргізушісі болдым.

Әрине, біреудің жеке өміріне сұқтанғаным емес, бірақ сол жылдары талай "қызықтарды" көрген едік. Бастығым балажан, керемет адам болды.


Ол кісінің көлденең жүргенін байқамаппын. Бірақ араласатын достары, таныстарын талай рет өздерінің қол астындағы хатшы қыздармен көңіл көтерітінін көргенмін.


Байларда ақша жетеді ғой? Алдымен қымбат мейрамханаға барады, сосын, қонақүйге, не болмаса осындағы пәтерлеріне барады.

Ол аздай, осылай біз сияқты жүргізушілеріне сол қыздарды анда-сында тасытып қояды. Солардың осындай ит тірлігін көріп, жұмыстан шығып та кеттім.


Қазір өкінбеймін, біреуден кем, не артық емеспін. Бірнеше жерде жұмыс істеймін, арасында осылай жолаушы тасуға да шығып тұрамын", - деп баяндады ол әңгімесін.

Сонымен бірге, ол "хатшы" қыздардың біреудің отбасын ойран етіп қана қоймай, қызметте өсуді көздейтінін айтты.


"Байларға не жетпейтінін түсінбейсің? Әйелдері, балалалары бар, жағдайлары бар, содан артық не керек?

Жоқ, жаңағыдай жас қыздарды хатшы қылып алады да, шаңырақтарын ойран етіп жатады. Ондай қыздар жай "секретарша" болып отырмайды, сосын бір бөлімнің бастығы болғанда, тіпті шалқаңнан түсе жаздайсың.


Менің бұрынғы қожайынымның дәл сондай досы болған. Үш баласы бар әйелімен ажырасып, өзінің хатшы қызына үйленді. Ата-анасы да бәрі қарсы болды.

Оған амал нешік, әлгі қыз дегеніне жетті. Осындайда байлықтың да, ақшаның да керегі жоқ деп қаласың.


Қарапайым отбасылар сияқты несие төлеп, тыраштанып пәтерге ақша жинап, бала-шағаңның қызығын қызықтағанға ештеңе жетпейді", - деді ол. 




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

жұма, 26.10.2018, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30