Мәселе

Астаналық келіншек мойнында қарызы бар жігітке қалай алданып қалғанын айтып берді

  • © Sputnik Қазақстан

    © Sputnik Қазақстан

Айдана есімді (авт. аты-жөні өзгертілді) бойжеткен 22 жасында тұрмыс құрып, кейін жолдасымен дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен екен. Отбасылық өмірде бақытсыз болғанын айтқан ол, қазіргі күні бұрынғы күйеуінің тіпті, алимент те төлемейтінін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.


Жас ана алғашында отбасылық өмірі "тәтті" басталғанымен, соңы "қатты" аяқталғанан баяндап берді.


"Университет бітірген соң, жолдасымды кездестіріп, үйлендік. Оның ата-анасы оңтүстікте тұрғандықтан, бір күні олар үй салуға көмектес деп жолдасымды өздеріне шақырды. Мен де жолдасымнан қалғым келмей, онымен бірге барамын деп шештім. Сөйтіп Алматыға жолға шыққанымызда, оны полицейлер ұстап алды. Сөйтсем, ол бұрынғы қызына несие алдырып, тіпті үйленемін деп, тастап кеткен екен. Ол қыздың анасы мүгедек болғандықтан, несиені төлеуге қауқары болмапты. Осылайша арыз жазыпты", - деп әңгімесін бастады ару.


Алматыға барған соң, жас келіншек өмірінің күрт өзгергенін де айтып берді.


"Алматыға барғанымда аяғым ауыр болатын. Ата-енеме жағамын деп, күн-түн демей үй шаруасымен айналысатын болдым. Бір күні қатты шаршағандықтан болар, мерзімінен бұрын су кетіп, жүктіліктің 31 аптасында босанып қалдым. Дәрігерлер ұлым екеуміздің өміріміз үшін күресіп, әрең аман қалған екен. Ол кезде де енем ұлдың атын өзім қоймадым деп шу шығарған еді.


Өкініштісі, баламды босанғаннан кейін, туған ағамның үйінде тұруға тура келді. Себебі, ата-енемнің үйінде балаға қарайтындай жағдай жасалмаған еді. Бірақ, жас босанған ана ретінде де өз-өзіме жөнді қарай алмадым. Енем мен қайын сіңлім ағамның үйіне келіп, шықпай қоятын. Соларға тамақ дайындап, күтумен болдым. Бір күні жолдасыма бұдан әрі шыдай алмайтынымды айтып, ұлымды алып Астанаға тайып тұрдым", - дейді келіншек.


Содан кейін бұрынғы жолдасы оның соңынан келгенімен, жас жұптың отбасылық өмірі ұзаққа созылмапты.


"Арамызға тағы да енем түсті. Ол жолдасым жұмыста болған уақытта, оған басқа еркектер келеді деп, мені онымен ажырастырып тынды. Күйеуім сөйтіп Алматыға анасына қайтып барды. Кейін 18 жастағы жас қызға үйленгенін естідім. Қазір ұлым 4 жаста, не ата-анасы, не өзі келіп бірде-бір рет қал-жағдайымызды білген емес. Жұмысқа тұруға мүмкіндік жоқ, себебі ұлыма ерекше күтіп керек болып тұр. Неврологиямыз бар, қазір арнайы логопедке барып жүрміз.

Әлі күнге дейін ата-анамның мойнында отырмын. Биыл сотқа беріп, үш рет қана алимент төледі, сонымен тағы да жоқ болды. Әрине, бүкіл елге басымнан өткен жағдайды жайып тастау маған да оңайға соғып отырған жоқ. Бірақ, мен сияқты алданып қалған қаншама қыздар бар шығар. Айтайын дегенім, жігіттердің сөзіне сенбеңіздер, оларды алимент төлеуге міндеттеңіздер. Балаға деген жауапкершілік екі жаққа да бірдей болуы керек", - деп әңгімесін аяқтады келіншек. 




Көрілген: 834    Пікірлер: 0

сенбі, 20.10.2018, 12:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30