Мәселе

Астаналық шенеунік қызметтес тоқалына күн көрсетпей, қорқытып келген

  • © tutknow.ru

    © tutknow.ru

Астанада белді шенеунік тоқалына күн көрсетпей, арадағы балалары мен пәтерін тартып алмақ болған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.


«Қорғау Астана» қорының заңгері Дания Бұғалиеваның айтуынша, қазіргі таңда әйелдердің құқығы бұзылып, ерлер тарапынан зорлық көруі жыл санап артып келе жатқан көрінеді.


"Мұндай жағдайлар бұрындары да болды деп ойлаймын. Тек әйелдер оны жарияға жар салып айта бермейтін еді. Қазір әйел адамдар сауатты, отбасында орын алатын зорлық-зомбылыққа, жолдасының қол көтеруіне көніп жүре бермейді", - дейді маман.


Дания Бұғалиева жұмыс барысында белді шенеуніктің көңілдесі болып, оған ұл туып берген келіншектің оқиғасын еске алды.


"Мысалы, біздің осы орталыққа белді шенеунікпен кездесіп, оған ұл туып берген әйел келіп, көмек сұрады. Ол кісі көп жылдар бойы мемлекеттік қызметкердің қол астында жұмыс істеп, қызметтік қарым-қатынас «жекеге» өтіп, онымен кездесе бастаған. Сөйтіп, ұл туып, ол бала тіпті қазір 8 жасқа келген екен.


Жылдар бойы ара-қатынастарын жасырып келген шенеунік «тоқалына» қаладан екі бөлмелі пәтер де сатып әперген. Бірақ, қазақы менталитет болғандықтан ұялып және атқамінерден қорыққандықтан, осындай жағдайға тап болған келіншектің алдымен өзі емес, үлкен қызы келіп бәрін айтып берді. Әйелдің қорыққаны сонша, тіпті, бізге қанша уақыт келе алмай жүрді. Себебі, шенеунік «таныстарым көп, қандай жерге барып, шағым айтсаң да, одан түк шықпайды» деп қорқытып жүрген.


Ал негізгі мәселе жаңағы екі бөлмелі пәтерде. Ол пәтер келіншектің атында болғандықтан және екеуі де заңды некеде тұрмағандықтан, шенеунік үй сонда қалады деп, ұрып-соғып, күн көрсетпеген. Пәтерді баланың атына аудар деп мезі қылған. Осылайша, қорлық көрген келіншек, пәтерден бұрын ұлымнан айырыламын деп күні бүгінге дейін қорқумен болған. Бірақ, кейінірек батылдық танытып, бізге көрген қорлығының бәрін баяндап берді",-деп оқиғаны еске алды заңгер.

Дағдарыс орталығы маманы, тіпті, аталған атқамінердің кеңсеге келіп, талай мәрте қорқытқандығын да мәлімдеді.


«Қанша рет осында келіп, қоқан-лоққы көрсеткісі келді. Кеңсеңімізді, осындағы қызметкерлерді аңдып жүрді. Мәселе, тек «Нұр Отан» партиясына арыз жазғаннан кейін ғана шешілді. Қазір ол әйел баласымен басқа қалаға көшіп кетті, өз тіршілігін жасап жатқан жайы бар»,-деп сөзін қорытындылады маман. 




Көрілген: 1664    Пікірлер: 0

жұма, 19.01.2018, 18:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31