Мәселе

"Ата-анасы жұмыссыз" Министр 5 баласы бар отбасыны мысалға келтірді

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Жамбыл облысында тұратын көп балалы отбасыға атаулы әлеуметтік көмек қалай көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Әбілқасымова мәжілістегі үкімет сағатында атаулы әлеуметтік көмек алып отырған Аманбаевтар отбасын мысалға келтірді. Көп балалы отбасы Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданы Құмарық ауылында тұрады. Отбасында 7 адам бар.


"Анасы бір жасқа дейінгі баласының тәрбиесімен айналысады, әкесі жұмыссыз, қалғандар кәмелетке толмаған 5 бала. Отбасының ай сайынғы табысы былтырғы 55 мың теңгеден осы жылы 92 мың теңгеге дейін ұлғайды. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көбейді", — деді министр жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу барысы туралы үкімет сағатында.


Сондай-ақ, оның айтуынша, аталған отбасыға қосымша қолдау шаралары көрсетілді.


"Мәселен, анасы жалақысы 50 мың теңгені құрайтын әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды. Яғни, мемлекеттен төленетін жәрдемақыдан бөлек қосымша 50 мың алып тұрды. Ал балалары мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз етілді", — деді Әбілқасымова.


Министр атап өткендей, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілген 9 айда:


атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жан басына шаққандағы табысы 7 306 теңгеден 12 809 теңгеге дейін 1,8 (бір де сегіз) есеге өсті;

2017 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 2 есеге жуық артып, бір адамға айына 4 870 теңгені құрайды;

отбасына арналған төлемнің орташа мөлшері бір тоқсанға 75 972 теңгені құрады;

44,4 мың адам кедейлік жағдайынан шықты.


 




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.11.2018, 19:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30