Мәселе

Ата-анасын тастап кеткендер үш жыл түрмеде отырады

  • Ата-анасын тастап кеткендер үш жыл түрмеде отырады

    Ата-анасын тастап кеткендер үш жыл түрмеде отырады

Тәжікстанда бүгінде қарттарға арналған 6 интернат бар. Онда мыңнан астам қарт өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі rus.ozodlik.org-қа сілтеме жасап.


Бірақ, әрбір үшінші қария туысқаны бар болса да, тастандылар қатарында. Әрі бұл көрсеткіш жыл сайын артып келе жатқан көрінеді.


Кифое Раупова сексеннің сеңгіріне келген. Сегіз ай бұрын ол жолдасымен бірге жол апатына ұшыраған көрінеді. Соның салдарынан, оның сол қолы мен аяғы сынған. Ал күйеуі қаза тапқан. Оның өз баласы жоқ. Тек қана күйеуінің қызы бар екен. Өгей баласы қария ауруханадан шыққан соң, оны қарттар үйіне өткізген.

Бірақ кейуана интернаттан шығып, үйіне қайтып баратынына сенеді.


«Күйеуімнің қызы үйінде келіні мен оның бала-шағасы бар екенін айтты. Әрі қазір қыс айы болғандықтан, маған дұрыс күтім жасай алмайтынын жеткізді. Мен сол үшін осында келуге келісімімді бердім»,- дейді ол.


Бүгінде Тәжікстанда мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға арналған 6 интернат бар. Онда 1000-нан астам қарт өмір сүруде. Турсунзаде-Батош қаласындағы интернат солардың бірі. Олардың үштен екісінің туыстары жоқ, ал қалғандарын жақындары тастап кеткен. Қазір осындай жағдайлар көбейіп келеді. Қарттар туыстарына ренжімейді. Олар тек қана жақындарының анда-санда келіп тұрғандарын қалайды.


«Бұл жерде тұратын адамдарға барлық жағдай жасалған. Бірақ, оларға жақындарының жылуы жетіспейді. Тәжікстан халқы өздерінің ата-аналарына қамқорлық жасаса екен деп тілейміз», - дейді «Батош» мүгедектер мен қарттар интернат үйінің қызметкері Ахлиддин Ходжиев.


Тәжікстан Конституциясында балалары ата-анасы мен жақындары қартайған кезде қамқорлық көрсетуге міндетті деп жазылған. Жақында ата-анасын тастайтындарға қатысты заң күшейді. Енді олар үш жылға дейін түрмеге отыруы мүмкін. Осыдан кейін «Батоштағы» үш қартты отбасы қайтадан үйлерін алып кетті.


Дереккөзінің жазуынша, ата-анасын үйіне алып кеткендер мұндай жазадан құтылады. Бірақ, көбінесе қарттардың туыстары еңбек миграциясында немесе Тәжікстаннан көшіп кеткен болып шығады. Азамат соғысы жылдарынан кейін қарттар үйінің негізгі тұрғындары орыстілді қариялар болған. Олардың көбісінің балалары Ресейге кетіп, ата-аналарын ұмытқан. Ал қазір бұл интернатта тұрып жатқан қариялардың көбісі - жергілікті тұрғындар.


«Біздің мекемеде тұрақтаған қарттардың 50%-дан астамы тәжіктер, 40%-ы орыстар, қалған 10%-ы басқа ұлт өкілдері», - дейді Ахлиддин Ходжиев. 




Көрілген: 1094    Пікірлер: 0

сенбі, 27.01.2018, 12:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31