Мәселе

Атбасар прокуроры кісі қағып өлтірген байдың баласын босатып жіберген

  • © bnews.kz

    © bnews.kz

Қазақстан Бас прокуратурасы Атбасар ауданы прокурорына қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлады қадағалау ведомствосы Sputnik Қазақстанға.


Естеріңізге сала кетсек, бизнесменнің ұлы Заур Дзейтов Атбасарда әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол апатының видеосы Желіде жарияланып, жұртшылықтың жаппай наразылығын тудырды. Полиция күдіктіні ұстап, қамауға алған. Сөйтіп, оған қатысты екі қылмыстық іс қозғалған болатын, алайда Атбасар ауданы прокурорының қаулысымен Дзейтов уақытша ұстау абақтысынан босатылды.


Негізінде Атбасар аудандық соты Дзейтовты екі айға қамауға алған еді. Ал Ақмола облыстық соты адвокаттардың шағымына байланысты Дзейтовты үй қамаққа жіберді.


Ақмола облыстық прокуратурасы берген мәліметке сүйенсек, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жүргізіп жатқан қызметтік тексеру нәтижесінде Атбасар ауданы прокуроры Ақашев К. С. әрекетіне баға берілмек.


 


 




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 22:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31