Мәселе

Атырауда 9 сынып оқушысы 40 жастағы еркекпен телефон арқылы некелескен

  • Фото:Nigeria Breaking News

    Фото:Nigeria Breaking News

Атырауда 9-шы сынып оқушысы 40 жастағы азаматпен телефон арқылы некелескен. Ересек адамның арбауына түскен қыздың әрекетінен ата-анасы хабарсыз деп жазады "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


15 жастағы бойжеткеннің сөздерінше, ер адам бұл жайында жақындарына айтпауға көндірген.


"Маған "Анама айтудың", "Ата-ананың рұқсат болуы, куәгер болуы" қажет еместігін айтты. Сөйтіп анама айтпай, некемді қидырдым.

Ешкімнің сөзіне құлақ асқан жоқпын. Кейінірек сабаққа баруды да доғардым. Есімнің бәрі сол адамда болды", - дейді көз жасына ерік берген Назира.

Ал бағдарлама жүргізушілерінің айтуынша, 40 жастағы ер адамның қызығы басылғанда Нәзираны телефон арқылы талақ айтып тастап кетіпті.


Бұл ақпаратты естіген "Ырыскелді" мешітінің наиб-имамы Естай Әбдіғалиев неке қиюдың шарттарын көпшілікке түсіндіре кетті.


"Неке қию шарттары бар. Оны барлық имамдар уағыздарында түсіндіреді. Неке қиюдың ең маңыздысы "халыққа жариялау". Яғни куәгерлер керек. Қазір ҚМБД тарапынан жас жұбайлардың ата-аналары, туған-туыс, бауырлары болуы керектігі айтылады", - деп сөзін түйіндеді наиб-имам. 




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

жұма, 08.02.2019, 16:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 21:05
    Лашықтағы өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28