Мәселе

Атырауда жәрдемақысы аз болғандықтан қария немересін жетімдер үйіне қайтарды

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Атырауда баланы асырап алудан бас тартты. Асырап алушының айтуынша, бұған 7 жасар балаға төленетін жәрдемақы көлемінің аз болуы себепші, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ATPress басылымына сілтеме жасап.


Атыраудағы ауылға ұқсас «Шаңырақ» атты балалар үйінің директоры Гүлсары Ботатаеваның айтуынша, соңғы уақытта балаларды сүрбойдақтар да, ерлі-зайыптылар да көп асырап алып жатыр. Мысалы, осы жылы ата-анасының қарауынсыз қалған «Шаңырақтың» алты тәрбиеленушісі басқа отбасыларға берілмек. Алайда кейде ата-аналардың балаларды қайтарып беретін кездері де кездеседі. Мысалы, жуырда «Шаңырақ» балалар үйіне бұрынғы тәрбиеленуші Рая (есімі өзгертілді) қайта оралуға мәжбүр болды.


«Бала туғалы жетімдер үйінде тәрбиеленді. Биологиялық анасының жағдайы осылай болды. Бірақ біз Раяның туған әжесін тауып, оны немересін асырап алуға көндірдік», - дейді Гүлсары Ботатаева.


«Шаңырақ» мамандары қарияға немересіне қатысты құжаттарды дайындап беріп, түрлі психологиялық жұмыс жүргізген. Алайда әжесі ай сайынғы жәрдемақының қанша сомада болатынын біле салысымен немересін жетімдер үйіне қайта қайтарған. Жағдайдың мән-жайы анықталғанға дейін Рая кәмелеттік жасқа дейінгілерді бейімдеу орталығында болады.


«Қыз психологиялық жарақат алып, көп жылады. Онымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр», - дейді директор.




 




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 10:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30