Мәселе

Атырауда Жайық өзенінен бес тонна өлі балық жиналған

  • Атырауда Жайық өзенінен бес тонна өлі балық жиналған

    Атырауда Жайық өзенінен бес тонна өлі балық жиналған

Атырау облысында Жайық өзенінен осы уақытқа дейін жиналған өлі балықтың жалпы салмағы бес тоннаға жеткен. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау комитеті хабарлады. Бұған дейін сараптама қорытындысы бойынша, қырылған балықтардан аммиак табылғаны туралы хабарланған.


Атырауда Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылғаны туралы ақпарат желтоқсанның басында әлеуметтік желілерде тараған. Желтоқсанның 10-ы күні Атырау облысының әкімдігі 110 өлі балық табылғаны туралы хабарласа, келесі күні қырылған балықтың жалпы салмағы бір тоннаға жеткенін мәлімдеген.


Сол кезде Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында ведомствоаралық комиссия жұмысын бастаған. Желтоқсанның 12-і күні облыс әкімдігі таратқан ресми ақпаратта тексеру нәтижесі өзен суының "таза әрі халыққа еш қауіп төндірмейтінін" анықтағаны айтылған. Сонымен бірге балықтардың жаппай қырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.


Ресми ақпарат бойынша, қазір Жайық өзеніне су төгетін төрт кәсіпорында – «Атырау су арнасы», Атыраудағы жылу энергетикалық орталығы, Орал-Атырау бекіре өсіру зауыты мен Атырау бекіре балық өсіру зауытында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Балықтың не себептен қырылғаны және аммиактың оған қайдан жұққаны туралы әзірше ресми ақпарат жоқ.


Дереккөз: Азаттық 




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.12.2018, 14:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31