Мәселе

Атыраулық жетім қыз пәтер үшін жігіттермен төсектес болып жүргенін айтады (Фото, видео)

  •  Мөлдір Қалиева.     © Instagram

    Мөлдір Қалиева. © Instagram

Атырау қаласының тұрғыны Instagram желісінде парақшасын ашқалы бері оқырмандарын өзінің ерекше видеоларымен таңғалдырып жүр деп хабарлайды NUR.KZ.


Мөлдір Қалиеваның парақшасына 25-қарашадан бері 32 мың адам жазылған. Ал видеоларын 100 мыңнан астам адам тамашалапты. Онда бойжеткен өзінің қиын өмірі туралы баяндап отырады.



Фото: Мөлдір Қалиеваның Instagram парақшасынан


«Мен интернетке кіремін де жігіттерге жазамын. Квартираға ақша берші деймін. Жігіттер де тегін бере салмайды ғой, орнына бір нәрсе сұрайды. Жатайық дейді. Енді мен өтірік айтпай-ақ қояйын, соған келісемін. Себебі маған далада қалмау үшін ақша керек. Далада қақаған қыс», - дейді ол.


28 жастағы бойжеткен пәтер кезегін күтіп те шаршаған сияқты. Тағы бір видеосында әкімдікке өкпесін жеткізіпті. «Егер жеке үйім болса, соның шаруасын дөңгелетіп отырар едім» деп армандайды.


Мөлдірдің сөзіне сүйенсек, ол бұрындары туысқандарымен бірге тұрған тұл жетім. 20 жасында үшінші қабаттан құлап, омыртьқасы мен аяғын қатты жарақаттап алыпты.


Мөлдірдің оқырмандары оған түрлі пікірлер жазып, тіпті психикалық ауытқуы бар ма деп күдіктенеді.



Фото: Мөлдір Қалиеваның Instagram парақшасынан




Ал Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл қыздың диспансерлік есепте тұрмайтынын мәлімдеді.


NUR.KZ тілшісі оның пәтер кезегіне қашан тұрғанын және нешінші орынға жылжығанын білмек болып Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласқан болатын. Олар жақын арада жауап беруге уәде етті.


 




Көрілген: 5765    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 27.12.2017, 18:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31