Мәселе

Атышулы имам Жаңа жылды тойлайтын мұсылмандарды "кәпірлер" деп атады

  • Уағызшы Әбдіғаппар Сманов

    Уағызшы Әбдіғаппар Сманов

Атышулы имам Әбдіғаппар Сманов Жаңа жылды тойлаушыларды «мұсылман емес – кәпірлер» деп атады. Үнемі халықты жинап уағыз айтатын шымкенттік ұстаздың «Жаңа жыл» туралы айтқан пікірі ғаламторды шарлап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.


«31 желтоқсан - біздің халық мұсылмандарды араққор, қатынбас, жезөкшеге айналдырған ең «ұлы күн» бұл. Кімде кім осы күнді тойлайтын болса, шын жүрегімен «Жаңа жыл» деп қарайтын болса, ол өзі «кәпір», әйелі ж... болады. Бұл мейрамды күтетін болса иманыңнан ажырап қаласың. Мен бұл жайлы жылда айтып келемін.


Адамдарда әзірден дайындық, үйлеріне арша ілген. Не іліп жатырсың, кімді күтіп отырсың? Кімді үлгі қылмақсың? Кеше ана дініңнен, кітабыңнан, отаныңнан айырған адамдардың дініне қуанбақсың ба, мейрам қылмақсың ба?


Балаңа да сол тәрбиені бермексің бе? Бұл кешірілмейтін күнә. Алла тағала күнәлардың барлығын кешіреді, бірақ өзіне серік қосқандарды кешірмейді», - дейді Әбдіғаппар Сманов.


Естеріңізге сала кетсек, молданың несие алушылар туралы «кредиттің әрбір пайызы анаңмен жеті рет зина жасаған күнәмен бірдей» деген сөзі жергілікті мұсылман қауымын дүр сілкіндірген еді.


P.S. Наурыз және Рождество мерекелері әуел бастан дәстүрлі діндерге қатыссыз болып есептеледі. Наурыз мерекесінде күн теңелсе, қысқы мерекеде ескі күн жаңарып, ескімен бірге өткен жыл тарихқа кетеді деп саналған. 




Көрілген: 2069    Пікірлер: 1

бейсенбі, 28.12.2017, 15:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31