Мәселе

Әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынды

  • Әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынды

    Әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынды

Түрікменстанда әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынғалы бері Қазнетте бұл тақырып қызу талқылана бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Түрікменстанда әйелдердің көлік жүргізуіне тыйымның салынғаны кеше белгілі болды.


Түрікменстанның БАҚ мәліметтеріне қарайтын болсақ, 2017 жылы желтоқсанда елдің ІІМ басшысы Исгендер Муликов Түрікменстанның басшысына жол апаттары жөніндегі статистиканы ұсынған, оларда жол-көлік оқиғаларының көп бөлігі әйел-жүргізушілердің кінәсынан немесе солардың қатысуымен болатыны аңғарылған. Президент бұл жағдайды реттеуді тапсырды. ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина әйелдердің көлікті өте ұқыпты жүргізетіндерін Facebook желісіндегі парақшасында жазды. "Менің ойымша, әйелдер көлікті өте ұқыпты жүргізеді, тек бұлардың қатарына көліктерін "көкелері" сатып әпергендерді ғана жатқызуға болмайды", - деп жазды Лукьянина. Сонымен қатар, ол біздің елде жол-көлік оқиғаларының статистикасы гендерлік принцип бойынша жүргізілмейтінін айтты. Оның жазбасы қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары екіге бөлініп, бір жақ бұл тыйымды жақтап, енді бір жақ даттап шықты. "Ұқыптылар тым аз деп есептеймін. Көпшілігі - не алаңғасар және батыл немесе жалтақтап ақырын жүретіндер. Сондай-ақ, әйелдер рульде дұрыс отыра алмайды. Сол үшін де шығар, автобустағы ер адамдар күліп отырады", - деп жазды Павел Кравченко. "Әйелдер рульде келе жатқанда әрдайым жолға ғана қарайды, жан-жаққа көз сүзбейді..." - деп жазды тағы бір қолданушы. Тағы бір комментатор ұқыптылықтың кептеліске сеп болатынын жазды. "Осыдан кейінгі статистиканы көрсе ғой... Жол апаты расымен де азаяр ма екен? ..." - деп жазды Ирина Исабекова. Бұл сұраққа мынадай жауап табылды: "Азаюы да мүмкін, бірақ көліктер санының азаюының арқасында. Керісінше, әйелдер көлікті ұқыптырақ жүргізеді". "Жол-көлік оқиғаларының статистикасын Бас прокуратураның құқықтық статистика бойынша комитеті жүргізеді, солар нақтырақ айта алады. Одан не шығады? Біріншіден, жол апаты үшін әйелдің де, ер адамның да жауапкершілігі бірдей. Екіншіден, салыстыру үшін абсолюттік цифрлар емес, салыстырмалы керек. Мысалы, еркек-жүргізушілер қанша және олардың қанша пайызы жол апатына түседі, әйелдерде де солай. Бірақ біз бастапқыдан-ақ жүргізушілердің гендерлік белгілері бойынша статистика жүргізген жоқпыз. Жалпы, жүргізушілерді қалай санауға болады? Куәліктердің саны бойынша ма? Біреулердің куәлігі үйіндегі сөреде жатыр емес пе, олардың ешқашан көлігі болмаған, тіпті өмір бойы рульге отырмайтын шығар..." - деп жазды ӘПК баспасөз хатшысы. "Иә...., антиконституциялық заң! Қызық, бізде де осыны қабылдаса? Бір ғана жақсы жағы болар еді - кептеліс азар еді, әсіресе Астана мен Алматыда (қалжың)", - деп жазды Біржан Сүлейменов. "Тіпті Сауд Арабиясы 2018 жылы маусымда көпжылдық тыйымды алып тастап, әйелдері куәлік алып, көлік жүргізейін деп жатыр", - деп ой қосты Ирина Лукьянина. "Бізде жол апаттарының ресми статистикасы гендерлік белгі бойынша жүргізілмейді. Алайда сақтандырушылар ЖСН номеріндегі белгі бойынша жынысты анықтай алады, мәлімет бар. Өзім де әріптесіммен бірге санағанмын. Айырмашылық "жер мен көктей" деп айтуға келмейді. Сондықтан, ерлердің немесе әйелдердің жол апатына түсу қауіптері жоғару деуге болмайды", - деп жазды Глеб Гарипов. "Әйелдер көлікті ұқыпты әрі ақырын жүргізеді, бірақ олар шамадан тыс әсершіл және жол апаттарының көпшілігі олардың байбалам салуларының кесірінен болады. Бұл рульдегі әйелдердің жалғыз кемшілігі шығар. Ал сауатсыз, ұқыпсыздар болса - ол еркектердің жасағаны. Өздері сыйлайды, өздері сатып әпереді, қарапайым ережелерді үйретпейді, сөйтеді де әйелдерді кінәлі етіп қояды", - деп жазды Жанна Ахметова. "Еркектердің қуанғаны-ай... Әйелдерге күдікпен қарады, бірақ тілектестік білдірді. Байқаңдар, еркектер! Рульдегі әйелдер сендердің орындарыңды алып алуға тырыспайды. Жай, біздің де көлік жүргізгіміз келеді", - деп жазды Елена Ваганова. "Таза саяси арандатушы шешім. Түрікменстан - бұрынғы Кеңестік республика, әйелдердің де, ерлердің де құқығы тең. Егер әйелдерді қарсы қоятын болса, әлбетте ерлері автоматты түрде қарсы шығады. Сұрақ: осыдан кімге пайда түседі?" - деп жазды Zhandos Abdikarimov. Сонымен қатар, бұл заң жөнінде Азамат Сәрсенбаев Facebook желісінде жазды. "Не деген қисынсыз заң? Мен әрине көптеген жол апатына бардым және айтайын сіздерге, Қазақстанда 10 жол апатының жетеуі ер адамдардың кесірінен болады, тіпті ауыр жол апаттарының да басым бөлігі ерлердің кінәсінан болады. P/S Дегенмен жол апаты кезінде әйелдермен жұмыс істеу қиын, байбалам салады, сенбейді және ерлердің көмегінсіз шешім қабылдай алмайды", - деп жазды Сәрсенбаев.




Көрілген: 1152    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.01.2018, 23:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31