Мәселе

Айналып келіп, СМС-ті айта бересіңдер – Бердібек Сапарбаев

  • Айналып келіп, СМС-ті айта бересіңдер – Бердібек Сапарбаев

    Айналып келіп, СМС-ті айта бересіңдер – Бердібек Сапарбаев

Су тасқынына байланысты өткен жиында төтенше жағдайлар қызметінің басшысы техниканың жетіспейтіндігін алға тартты, деп хабарлайды «Тілші». Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Бауыржан Сыздықов бірқатар мәселені тізбелеймін деп Сапарбаевтан сөз естіп қалды.


«Саған қазір ешкім көлік алып бермейді. Ішкі істер департаментінен сұра, басқасынан сұра. Мұндай жағдайда меншікке, кім кімнің қарамағында деп бөлінбей, ауызбіршілік танытып жұмыс істеуіміз керек. Әлеуметтік желіде қайық жоқ деп жазып жатыр. Балықшылар бірлестігі бар шығар, неге сұрап алмасқа?», — деді облыс басшысы.


Әкім сондай-ақ ескерту жасалған тұрғындардың үйлерінен шықпай жатқандарына таңданысын жасырмады.


«Бір студент қыз үйінде үш күн жатып алды. Зорға алып шықтық. Қоғам билікке көмектесу керек. Полиция, әкімдік және төтенше жағдайлар қызметі 24 сағат кезекшілік етсін. Елдің барлығы теледидар көрмейді. Барлығында бірдей телефон жоқ. Сондықтан, дауыс зорайтқышпен шығып айқайлау керек еді. Айналып келіп, СМС-ті айта бересіңдер», — деп кейіді Сапарбаев.


Облыс басшысы сондай-ақ су арнасы деңгейін кәдімгі таяқпен өлшеніп жатқанына көңілі толмайтынын жеткізді.


«Өзі айналдырған 10-11 орын шығар. Арнайы сызғыштарың жоқ па? Су деңгейінің қаншаға көтерілгенін, төмендегенін сағат сайын біліп отыруларың керек. Сол бойынша облыстық штабқа хабар беріп, шара қолдануларың керек», -деді ол.


Сөйтсе, таяқпен су деңгейін өлшеп жүрген еріктілер болып шықты. Әкім мұндай жұмысты алдымен төтенше жағдайлар қызметінің жүргізу керектігін баса айтты.


baq.kz




Көрілген: 347    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 19.04.2017, 16:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31