Мәселе

Айыпталушы тарап лифтіден ажал құшқан журналиcтің анасынан кешірім беруді сұрады

  • Фото: media.publika.md

    Фото: media.publika.md

Ақтөбеде өз үйінің лифтісінде жаншылып қалған Айзат Әбдісаматтың анасынан айыпталушы тарап кешірім беруді сұрайды. Қайғыдан қан жұтып отырған анаға ПИК қызметкерлері өздерінің кінәсіз екенін тағы айтты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


"Менің жұмысым сондай. Халықтың мені жақтайтыны да, жақтамайтыны да бар. Садақаға барғанымда бір әйел "Сендер кінәлісіңдер" деді. Ол кім сонда? Кімнің кінәлі екенін сот анықтайды", - деді айыпталушы "Жанабек" ЖШС- нің директоры Кенен Жанабеков.


Тұрғын үйге техникалық қызмет көрсететін мекеме басшысы сот отырысы басталғанға дейін марқұмның анасына өздерінің кінәлі емес екенін қайталауда.


"Біз қайғыдан қаза жұтып жылап отырған кезімізде де сіздер үйге төрт адам болып кірдіңіздер. Қайырыңызды айтқаннан кейін өлген адамды кіналап "лифтіні өзі дұрыс пайдаланбаған" дедіңіз. Біз сүйегіміз жуас адамбыз, сол күні кешірім сұрағанда кешірім берер едік. Қайтеміз, бала бізге бұйырмаған шығар. Айналайын, мен жылап отырғанда өзің келіп "Мен кінәлі емеспін" дедің. Сені кінәлаған әйел сол кезде айтқан болар. Мен шаршадым. Қызымның артынан өлуге қалдым. Біз кінәліні анықтауды сотқа тапсырдық", - деді марқұмның анасы Айша Төлемісова.


Лифтіде қайғылы жағдайда қайтыс болған Айзат Әбдісаматтың оқиғасына қатысты сот Қылмыстық кодекстің "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету" бабымен қаралып жатыр. Айыпталушы тарап әлі күнге өздерін кінәлі санамайды.


Қайғылы жағдайға қатысты соттың келесі отырысы 16 күні қазан сағат 14:30-ға қалдырылды.


Айта кетейік, бұған дейін марқұмның анасы соттың созылып кеткенінен айтып, жанайқайын жеткізген еді.


Еске сала кетейік, ақтөбелік журналист Айзат Әбдісаматтың қазасы бүкіл Қазақстан жұртын дүр сілкіндірген еді. Бір қыздың анасы лифтіде қайтыс болған еді. 




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

жұма, 12.10.2018, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31