Мәселе

Азаматтық ала алмаған оралман отбасы ай сайын айыппұл төлеуге мәжбүр

  • © 31.kz

    © 31.kz

Қызылорда облысында бүтін бір отбасы 17 жыл бұрын ата жұртына келгендері үшін айыппұл төлеп отыруға мәжбүр. Өйткені бұл жанұядағы Бақытгүл азаматтық алғанымен, күйеуі мен отыздан асқан ұлы әлі азаматтықтарын ала алмай жүр. Енді олар бірге тұру үшін ӘР үш ай сайын 60 мың теңгеге жуық айыппұл төлеп отырамыз дейді. Отбасы бұл жағдайға көші-қон полициясын кінәлайды.


Бекмұрзаевтар отбасы Қазақстанға 17 жыл бұрын көшіп келсе де, олар үшін осы елдің азаматы атану әлі күнге дейін арман болып келеді. Жанұя Қызылорда облысына келген 2001 жылдан бастап азаматтық алуға құзырлы органдарға құжаттарын өткізеді. Бақытгүл Төлегенова бір жылдың ішінде азаматтығын алып үлгереді. Алайда оның жолдасы мен ұлының ұлты бөлек болғандықтан, оларға азаматтық алу 17 жылдан бері мүмкін болмай отыр дейді. Ал бұл жағдайға Бақытгүл о баста тапсырған құжаттарын жоғалтып алған көші-қон полициясы қызметкерлерін кінәлайды.


БАҚЫТГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА, тұрғын:


– Көші-қон полициясына келіп тапсырғанбыз құжаттарымызды. Енді құжаттарымыз жоқ. Біздің бармаған жеріміз жоқ. Енді сұрасақ біздің құжатымыз жоғалып кетіп жатыр. Өзім қазақ болғандықтан азаматтығымды алдым. Ұлым менен күйеуіме әлі азаматтық бермей жатыр.


Қазақстанның азаматы болу арман болған жанұяның отағасы Ахмет пен ұлы Нәдірбай Бекмұрзаевтар бүгінде еш елдің тізімінде жоқ екен. Сол үшін тұрақты жұмысқа орналасып, табыс та таба алмаймыз дейді. Оның үстіне тәртіп сақшылары көшеде жүргенімізді көрсе, қамап тастайды деп күйінеді.


АХМЕТ БЕКМҰРЗАЕВ, оралман:


– Я Өзбекстан бермейді, я Қазақстан бермейді. Ел қатарлы немеремді бағып отырсам деймін. Полиция көрсем қашамын, қорқыныштан.


Оралман отбасы мүшелерінің айтуынша, енді азаматтықтарын алмағаны үшін Ахмет Бекмұрзаев пен Нәдірбай Бекмұрзаевқа әр үш ай сайын 60 мың теңгеге жуық айыппұл төлеп отыруға міндеттелген екен. Ал бұл мәселеге қатысты құзырлы органдар арнамызға жауап беруді ертеңге қалдырды.  


31.kz




Көрілген: 582    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.02.2018, 13:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31