Мәселе

Азаматтық неке: Дұрыс па, әлде бұрыс па?

  • © cherlock.ru

    © cherlock.ru

Жыл өткен сайын “Азаматтық неке” деген ұғым елімізде кеңінен тарауда. Азаматтық некені бірі қолдайды, ал бірі қолдамайды.


Caravan.kz медиа порталы бірнеше мамандардың әрі әлеуметтік желідегі оқырмандардың пікірін біліп көрді.


Анна Құдиярова, психолог:


Пәленбай ақшаны құртып, несие алып той жасағанша азаматтық некеде тұрғандары да жақсы шығар. Сонша той жасап, екі, үш айдан кейін ажырасып кетеді. Ал азаматтық некеде экономикалық жағынан шығыны аз, үш айдан кейін айрылып кетсе ешкім оны білмейді де, өз-өзіме жүре береді.


Біздің қазақтарда азаматтық некеге көбінесе жігіттің немесе қыздың ата-анасы қарсы болғаннан соң тұрып жатады. Азаматтық тұрудың әр себебі бар, оны тек анықтау қажет.


Мақсат қажы Алтыбай, Семей қаласының өкіл имамы:


Шариғат бойына некесі қиылмаған екі жастың оңаша қалуына тыйым салынған. Ата-бабаларымызда бұл мәселеге айрықша мән берген. Екі жастың некесі қиылғанша олардың ортасында жеңгелері жүрген. Ал жалпы азаматтық некеге дініміз қарсы.


Құран кәрімде Зинаға мүлде жоламаңдар. Шын мәнінде, ол – анық арсыздық әрі ең жаман жол» («Исра» сүресі, 32-аяты) - деп зинаның харам екендігін қатаң ескерткен. Зинаға жуымыңдар: соған бейімдейтін әр түрлі әрекеттерден аулақ болыңдар деген мағынаны білдіреді.


Мұхамеджан Естеміров, ОҚО имамының орынбасары:


Баланы босанып мешітке тастап кетеді. Ұлдың да, қыздың да ата-анасы ол жайлы білмейді, екеуі азаматтық некеде болған ғой. Екі жақтың да ата-аналарына бұл жағдай ауыр соққы болып тиген. Елдің алдында ұятқа қалып, ата-аналарды ұятқа қалдырмау үшін заңды түрде некеге тұру керек.


Зүлфия Байсакова, заңгер:


“Жыл сайын кем дегенде “азаматтық некеге” тұрып, алданып қалған 10-15 әйел көмек сұрап келедi. Қазiр ер адамдар өздерiнiң заңды балаларына алимент төлеуден қашқақтайды, ал “азаматтық некеде” дүниеге келген балаға алимент төлету мүлде мүмкiн емес. Ер адамды шынымен баланың әкесi екенiн анықтайтын бiр ғана жол бар, ол – ДНК арқылы дәлелдеу. Бiрақ бұл өте қиын, әрi қаржыны қажет етедi. Ал сот көп жағдайда мұндай iстердi қарауға тәуекел етпейдi.


Инстаграм әлеуметтік желісінде жасаған сауалнамызға көпшілігі қарасылық білдірді.


Гүлнұр Алдикова, оқырман:


Әрине қазіргі заманға сай өмір сүру керек. Бірақ тұрған жеріңді мемлекетіңді қадірлеу керек. Азаматтық неке біздің менталитетімізге сай емес. Егер Қазақстанда азаматтық неке көбейсе қазақ деген ерекшелігіміз қалмайды. Сол себепті барынша ондайлардың дұрыс еместігін айтып отыру керек.

 




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 17:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31