Балағат сөздің жазасы қандай?

Балағат сөздің жазасы қандай?

 Полиция қызметкері құқық қорғау саласының өкілі. Яғни, уәкілетті органның лауазымды тұлғасы. Ал, бұл қызмет өкілінің Қазақстан Республикасының барлық заңнамаларында көрсетілген заңдылықтардың бұзылмауын қамтамасыз етуге, қылмыстың, немесе өзге де заңбұзушылықтардың орын алмауын қадағалауға құқылы екендігі барлық заң қағидаларында ерекше басымдықпен көрсетілген.

Бірнеше күннен бері интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілері Алматы облысы Текелі қаласында полиция мен жүргізуші арасында орын алған келеңсіздікті көрсететін бейнежазбаларды қызу талқылауда. Көлігінің шамы жанбаған жүргізушіден көлік жүргізуге құқық беретін құжаттарды көрсетуді талап еткен құзырлы орган өкілін тілден, неше түрлі бейәдеп сөздермен балағаттаған азаматшаның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің БАҚ өкілдеріне берген мәліметінше, жол жүру ережесін бұзып, полиция қызметкерін балағаттаған жүргізушіге қатысты барлық деректер жинақталып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 378 -бабы негізінде іс қозғалған.

Құжаттарын көрсетуден бас тартып, көлігінің шамы жағылмағанын мойындамаған азаматша тек қана ҚР Жол жүру ережесіне қатысты ғана заңдылықтарды бұзып қойған жоқ, ол сонымен қатар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 471-бабындағы Ішкі істер (полиция), көліктің бақылау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау талабын, сондай-ақ ҚР Азаматтық кодексінің 1-бөлімдегі Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделге нұқсан келтіру заңдылықтарын да бұзған.

Заң осы мемлекетті мекендеп жатқан кез келген Қазақстан азаматына ортақ. Ендеше, ел заңдарын қадірлеу ұлтына, жынысына, жасына қарамайтын қағида. Заң алдында теңқұқылықты, толенарттылықты талап етуге құштар өзін білімді, ағартушы, аға ұлт өкілі санайтын кез келген қазақстандықтың қай мемлекетке барса да бағынуға тура келетін белгілі бір заңдылықтардың, қалыптан асса шеңберіне салатын қатал қағидалардың барын ескергені абзал. Адамның мінезі мен мінін сарапқа салатын мұндай сәтте әділеттің де сынға түсетіні ақиқат. Қанша жерден арпылың адуынды болса да көзіқарақты көпшілік ақиқатын саралап, таразының басын екшей алатын сауатқа ие.
Кейде халық құқық қорғау саласындағы қызметкерлердің дөрекілігін, білімінің таяздығын, адамдармен сөйлесу мәдениетінің төмендігін сынап, сөгіп жатады. Әшейінде, ақиқатын айтып, әділетті аңсауға құмар сол көптің бұл мәселеде мысы басылған, меселі төмен полиция қызметкерлеріне емес, негізсіз байбаламға себепкер болған азаматшаға арашашы болуы заңдық сауаттың деңгейін көрсетеді. Құқық қорғау орындарының жұмысына кедергі жасап, қоғамдық орында бұзақылық жасаған азаматшаға ара түсу де заң шеңберінде жауапкершілікке әкелетін жағдай. Құндақтағы сәбиін құшақтаған келіншек те, «менің кім екенімді білесің бе, бауырым?» деп едіреңдеген ер адамның да басына іс түссе «әділетін айт» деп араша сұрайтын құқық қорғаушылардың жұмысына кедергі келтіріп, жол ережесіндегі заңдылықтарды бұзып, күштік құрылым өкілдерінің заңды талабына бағынғысы келмеген, өзін өзгеден өктем көрсеткісі келген келіншектің қорғанына айналғысы келген әрекеттерінен-ақ қара халықтың өздері армандайтын құқықтық мемлекетті құруға қаншалықты үлескер болып жатқанының куәсі боласыз. Айғайшыны қайдан болса да, қай кезде болса да табу оңай, ал, сауатты сарап, салмақты ұстам қазіргідей сауаттануға мүмкіндік мол қоғамда қат дүниеге айналып отырғаны өкінішті.

Тақырыпқа орай:
Марғұлан ШЫНЫБАЕВ, заңгер:

2015 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енген «Жол жүру Ережесінің» 2-тарауында жүргізушілердің міндеттері анық көрсетілген. Осы 2-тараудың 1-тармағының 1-бөлімінде жүргізуші полицияның талабы бойынша көлік жүргізуге қажетті делінген құжаттардың бәрін тексеруге беруге міндетті. Егер ол құжаттарын үйде ұмытып немесе де ол құжаттары өзімен бірге болмаған жағдайда жүргізушіге ҚР Әкімшілік Кодексінің 470-бабы 1-тармағы бойынша 5-пен 15 АЕК негізінде айыппұл салынады. Полиция өкіліне тіл тигізіп балағаттағаны үшін соттық жауапкершілікке тартылады. Ол үшін полиция өкілінің мекемесі сотқа шағымдануға тиіс. Қазіргі жағдай бойынша Қылмыстық іс қозғалғаны заңды. Бұл мәселеде полиция өз еркімен айыппұл жаза алмайды. Ол азаматша құқық қорғау өкілінің ар-намысы, іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін де заң шеңберінде жазалануға тиіс. Қалай болғанда да, жол жүрісі саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Жұлдыз НҰРСЕЙІТҚЫЗЫ

zangazeti.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста