Мәселе

Балаларға "Вышка" әнін айтқызғандар ақтөбеліктердің ашуын туғызды

  • Видеодан кдар

    Видеодан кдар

Ақтөбе қаласы әкімдігінің Instagram желісіндегі akimat_aktobe парақшасында 21 қазанда видео жарияланды. 10-11 жастағы балалар тобы - "Радуга" өнер мектебінің шәкірттері "Вышка" әнін орындаған.


Ән Ақтөбеде жаңа супермаркеттің ашылу салтанатында жарияланған. Балалар жеріне жеткізіп, жақсы орындапты. Соған қарамастан, бұл ән әкімдік парақшасы оқырмандарының қатал сынына ұшырады. Балалар шырқаған ән 18+ категориясына жатады.


"Строишь глазки, что за страсть?… Я просто в шоке, твое тело – просто космос… Все ближе, ближе… Моя малышка, твоя улыбка — самая вышка", — әннің осы бір сөздері кей желі қолданушыларының ашуын туғызды.


"Түсінемін, бұл – сәнге айналған хит ән, кіп-кішкентай балалардың орындағаны құлаққа түрпідей тиеді екен, қоғамның қалай ұсақталып бара жатқанын түсінесің. Біздің кезімізде достыққа, бейбітшілікке, өмірге деген құштарлыққа баулитын, соған сай ән айтатынбыз. Мұндайды аузымызға алмайтынбыз", — дейді желі қолданушыларының бірі.


"Балалардың әнінің сиқын: "твое тело просто космос", - деп тағы бір оқырман жағасын ұстады.


Бұл әнде тұрған не бар деп сыншыларды жөнге салғандар да табылған.


"Радуга" өнер мектебінің директоры Анара Қаңтарбаева Sputnik Қазақстан тілшісіне неге осы әннің таңдалғанын түсіндірді.


"Авторы кім екенін білмедім, жастардың әні ғой. Халық алдында өнер көрсеткенде, үлкен-кіші бірігіп билеуі үшін ырғақты әндер керек. "Прекрасное далеко" әні айтылса, балалар тарқап кетер еді. Жұрттың назарын аудару керек. Қазақ тіліндегі әнді неге жарияламай, неге осы әнді таңдағандарын білмеймін... Ал сайттағы пікірлерге келер болсақ, жұрт айта береді ғой", — дейді директор.


Ақтөбе әкімдігі парақшасындағы видео жайында ешқандай пікір айтпады.


Sputnik


 




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.10.2018, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30