Мәселе

Баламен үйде отырған келіншектер бас қосып, үнді салтымен ойын-сауық құрды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Астанада Болливуд стиліндегі мерекелік кешке жүзден астам жас ана қатысты. Декретте отырған елордалық келіншектер үндіше ойын-сауық ұйымдастыруды жөн көріпті. Кештің видеосы YouTube желісінде жарияланды.


Инстаграм желісі арқылы келіншектердің бас қосуын елордалық дизайнер Гүлнұр Иманова-Латып ұйымдастырыпты. Оның бұл идеясын жүздеген әйел қолдаған.


Қатысушылардың бірінің сөзіне сүйенсек, мереке үшін Астанаға Қарағанды, Алматы, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларынан қонақтар арнайы келді.


Bollywood party кешіне 130 әйел қатысқан. Олардың басым көпшілігі үнді киімін киіп, қынамен боянған.


Кеш бойы үнді әуендері үзілмей, залдың безендірілуі, тәтті-дәмділердің бәрі Үндістан елін еске салды. Қатысушылар флешмоб жасап, үнді биін биледі.


Ұйымдастырушылар осындай кештерді әртүрлі тақырыпта өткізіп отыруға уәде береді.



sputniknews.kz


 




Көрілген: 275    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.11.2018, 09:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30