Мәселе

Бәрі "W" әрпіне алаңдап жатыр - Жаңа әліпби құрастырушылары

  • Бәрі

    Бәрі "W" әрпіне алаңдап жатыр - Жаңа әліпби құрастырушылары

Қазақтың жаңа әліпбиін құрастырушылар қазақстандықтар "W" әрпін қабылдамады деген тұжырымға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында құрастырушылар бірқатар сұраққа жауап берді. "Барлығы "W" әрпіне қарсы болып отыр. "W" әрпі білдіретін дыбыс ағылшын тілінде бар. Артикуляциясын барлығыңыз дұрыс түсініп отырсыздар. Дәл осындай қазақ тіліндегі дыбыстарды қабылдамай отырсыздар. Психологиялық жағдай бұл. Орыс тілінде мұндай дыбыс жоқ, сондықтан көпшілігі біздің Көкшетауды Кокчетав деп оқып қалып жатыр. Бұл дыбыс қазақ тілінде ең жиі кездеседі және ең бастысы морфологиялық функциясы бар. Ең маңыздысы осы - осы дыбысқа келгенде біздер, қазақтар біраз бас қатыратын сияқтымыз", - деді филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек. "Барлығы халықаралық сөздер мен терминдерді қалай жазу керектігін ойланып жатыр. Халықаралық тәжірибе бар. (...) Халықаралық сөздерді қалай жазатынымызда мәселе жоқ. Біздің жаңа әліпбиіміз осы сөздердің барлығын жазуға мүмкіндік береді", - деді Әлімхан Жүнісбек. Мұның алдында Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов жаңа әліпби нұсқасын қоғам мақұлдамаса құрастырушылардың қадамы қандай болатынын айтқан еді. "Жаңа әліпби ұнады не ұнамады деуге бола ма? Бұл пәтер немесе көлік емес. Кейбір сөздер, кейбір дыбыстарға қатысты мәселе туатын шығар. Бұл жағдайда біздің әріптестер нақтырақ, тереңірек көрсетіп береді, кейбір дыбыстар мен әріптерге қайта ораламыз. Жалпы алғанда әліпбидің осы нұсқасын таңдап отырмыз", - деген еді Ербол Тілешов ОКҚ баспасөз мәслихатында. Еске салайық, кеше, 11 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау өткен еді. Сол тыңдауда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 әріп болады.




Көрілген: 314    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 12.09.2017, 14:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 18:08
    Ақырзаман келгенде
    8 Қыркүйек, 12:42
    Мынау не масқара...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30