Бай боламын десең, санаңды түзе

Бай боламын десең, санаңды түзе

Жақсы адам бай болмайды. Байлардың бәрі –ұры, оңбаған! Ақша жүрген жерде пәле жүреді! Осы да жетеді!

Осылай ойлайтын адамдардың үкіметі әлдеқашан құлаған. Ол – Совет үкіметі (Кеңес деген қазақтың сөзі – жақсы сөз, сондықтан қолданғым келмейді) еді. Бірақ ол үкімет құлағанмен оның идеясы әлі толық сөне қойған жоқ. Тіпті ол уақытты көрмеген адамдардың өзі азды қанағат етуге даяр тұрады, байлықты лас нәрсе деп ойлайды.
Қанағат па әлде кедейлікті жақсы көру ме?
Біз – қанағатшыл халықпыз. Ал қанағанат деген не?
Қанағат – барға шүкір ету. Егер күндіз-түні еңбек етіп, байи алмай: "Шүкір, қанағат" десеңіз, міне, қанағат деген сол!
Бірақ қанағатың атын жамылып жүретін бір сезім бар, ол: кедейлікті жақсы көру. Ол дегеніңіз – алға ұмтылмау, керітартпалық. Тереңірек қазсақ, әр жағынан жалқаулық шығады. Күні бойы түк істемей отырып, соңынан «қанағат» дей салудың үлкен түрі.
Әрине, қанағат ету, тәубе ету – Жаратқанға жақындататын әрекеттер. Бірақ Пайғамбарымыздың (салалаһу әлейһи уә салам) өзі кедейшілікке үндеген жоқ, тек кедей болған жағдайда сабыр етуге ғана шақырды. Егер кедейлікке шақырған болса, хазіреті Әбубәкір, хазіреті Омар, хазіреті Османдар бірден мал-мүлкін таратып жіберуші еді. Бірақ олай еткен жоқ (Кейін садақа деп байлықтарын таратқанын білеміз, бірақ ол өз еріктерімен жасалды). Осы ең ізгі үш сахабаның үшеуі де ерекше бай адамдар еді. Демек, байлық пен қанағат бір-біріне кереғар ұғым емес.
Жақсы байлар бола ма?
Болады. Болғанда қандай. Абайды туғызған Құнанбай мен Шоқанды туғызған Шыңғыс төре бай адамдар-тұғын. Қазақтың алғашқы басылымдары – «Қазақстан», «Қазақ» газеттері, «Абай» журналы байлардың қаржысымен шыққан, алғашқы дәрігерлер байлардың ақшасымен білім алған.
Рас, ашкөз байлар көп. Болған үстіне бола түссе екен деп, байлықтан басқаның барлығын ұмытады. Зекет пен садақа бермей, байлыққа сеніп Құдайды да ұмытатындар көп. Оларды Алла тура жолға салсын дейік.
Бірақ өзі байып қана қоймай, айналасында қаншама адамға жұмыс беріп, дүниені жүрекпен жақсы көрмей, зекетін беріп, сол арқылы байлығын тазалап отырған адамдар да көп емес пе? Ондай кісілердің байлығы көбейген сайын айналасындағылар қуанады. Міне, сондай байлар елге пайдасын тигізеді, алға жетелейді.
Ешкімге жақсылығы тимей, ақшаны жинай берген адам ақпай, бір орында сасыған су сияқты болса, садақа-зекетін беріп, кедейлерге көмектесетін адам арналар мен арықтарды суға толтыратын теңіздей емес пе?
Ескерту: Биліктің бір тетігін ұстап алып, сол арқылы ішіп-жеп байып, әне-міне қашып кетемін деп жүрген, түк көрмеген тексіз байларды бұл екі қатарға да қоспай-ақ қойыңыз.
Байлық та, кедейлік те «тұқым қуалайды»
«Құс ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Осы сөзді біз екі күннің бірінде қолданып жүрсек те, мәнін байлықпен байланыстырып көрмеппіз. Ал шетелдік психологтар кедейден туған бала кейін кедей болуға бейім тұратынын, байдан туған бала өскенде бай болуға ұмтылатынын дәлелдепті. Яғни...
Сіз байқамадыңыз ба? Өзіңіз өскен үйдегі кейбір әдеттерді отау құрып, бөлек шыққан соң да істейсіз ғой? Мүмкін әкеңіз сияқты құрал-саймандарды бір сөмкеге салып, төсектің астына тығып қоятын шығарсыз? Мүмкін бір банкіге қайнаған су құйып, суытып қоятын шығарсыз? Мүмкін жатар алдында есіктердің ашық-жабық екенін тексеріп шығатын шығарсыз? Мүмкін тамақ ішкенде жаныңызға майлық алып отыратын шығарсыз?
Сол секілді, әкесінде көлік болмаған бала кейін көлікке онша құлықты болмайды. Ал әкесі дәулетті болған бала жалғыз айлыққа қарап отыра алмай, қосымша табыс көзін іздей бастайды.
Кедей тұрмыс та, баршылық та есте қалып қоятын көріністер. Біз ер жеткенде сол көріністерді маңайымызға қайта жинауға тырысамыз, сол кездегі әдеттерді қайта істейміз.
Сондықтан да байдан тумасақ та, байып кетпесек те, сіңірі шыққан кедейдің күйінен қашуымыз керек. Балаларымыз үшін. Тек көзге көрініп тұрған тұрмысты ғана өзгертпей, ойды, түсінікті де өзгертуге тырысу керек. Өйткені әдеттер қанмен де беріледі. «Аяз би» ертегісін еске алыңыз. Ханның ұлы болып өскен наубайшының баласы хан болып отырса да, наубайшыға тән әдетті жасайтын еді ғой?
Түйін: Алдымен байлық туралы түсінікті дұрыс қалыптастыру керек екен. Ешкімнің көз жасына қалмаған байлық – береке. Зекеті берілген дүние – жуылған, таза дүние. Осы нәрселерді түсінген соң жаныңызды салып, адал жолмен байысаңыз, қоғамның бір бұрышы гүлдей бастады дей беріңіз. Сіз арқылы бірнеше қазақ байыса, сол маңай бақшаға айналды деуге болады.
Қазақстан – жасыл орманға айналсын!
Eрланұлы
jaisan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста