Мәселе

Байбек мейрамхана иесіне жүргіншілердің жолын қайтаруға екі күн уақыт берді

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

Алматы әкімі қаланың көлік және жүргінші инфрақұрылымы құрылысының барысын тексеріп, Байтұрсынов көшесін аралау барысында заңсыз салынған кафенің жазғы террассасын алып тастап, жүргінші учаскесін қалпына келтіруді тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Күн сайынғы жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек Алматының көлік және жүргінші инфрақұрылымы құрылысының барысын тексерді. Мегаполис басшысы бірнеше сағат ішінде Абай, Байтұрсынов, Асқаров, Гагарин көшелерін аралап шығып, оларды одан әрі көріктендіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Айдың соңына дейін Гагарин даңғылын әл Фарабиден Тимирязев көшесіне дейін қайта жасау аяқталады. Ұзындығы үш шақырымнан асатын жаңарған жолмен қатар жүргінші тротуарлары абаттандырылып, арық желілері салынады. Пайдаланылмайтын конструкциялар мен заңсыз құрылыстар алынуда, сонан соң көшелерді жасылдандыру жоспарланған", - делінген хабарламада.




Жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стихиялы көлік тұрақтарының орнына даңғыл жиегіндегі тротуарлар қалпына келтірілуде. Қалалықтардың талабын ескере отырып, Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату мүммкіндігі қарастырылып жатыр. Baykonyr бизнес-орталығы алдындағы жүргінші аймағы кеңейеді, көлік тұрағы жіңішкереді. Жайлы қала кеңістігін құру мақсатында мегаполис басшысы Асқаров көшесі бойында тротуар құрылысын бастауды тапсырды.



Еске салайық, биылғы жазда Алматыда 150 көше жөнделеді, 30 шақырым тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен "Астана" алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.



Суреттер шаһар әкімдігінің баспасөз қызметінен



 




Көрілген: 1002    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.05.2018, 15:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31