Мәселе

Бекболат Тiлеухан: Диграфтан толық бас тартудың қажетi жоқ

  • © Казинформ

    © Казинформ

Латын қарпiнде диграфты мүлдем жоққа шығаруға мен өз басым қарсымын. Мәжiлiс депутаты Бекболат Тiлеухан жалпы отырыстан кейiн берген сұхбатында осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.


«Комиссия нақты бiр толық шешiмге келдi деп ойламаймын. Жалпы, ұсыныстар жақсарып келе жатыр. Кейiнгiсiнiң алдыңғы ұсыныстан әлдеқайда жетiлген екендiгiне дауа жоқ. Бiрақ, апострофтарды ерсiлi-қарсылы қолдана беру деген бiртүрлi көңiлге қонымсыз. Сосын, диграфты мүлдем жоққа шығаруға да мен өз басым қарсымын. Мысалы S-тың қасына H-ты қойып, Ш-ны беруге болады. Белгiлi бiр мөлшерде диграфты да, апострофты да пайдалану керек. Бастан аяқ жiңiшкелiкке апострофты пайдаланудың соңы түртiк-түртiк нәрсеге әкеледi. Мысалы, қазiр «өңшең» немесе «иiлу» деп жазып көрiңiзшi, үстi барлығы түртулi болып кетедi. Сондықтан, бұл мәселенi тағы да қарау керек деп ойлаймын», - дедi Тiлеухан.


Депутат қазiргi ұсынысты да кемел деп айта алмаймын дейдi.


«Жеке басымның пiкiрi, Менделеев кестесiнде уран U-мен берiледi, халықаралық сөздерде университет U-мен жазылады, F әрпi P мен H-тың қосындысы диграфпен берiледi. Сондықтан, диграфтан толық бас тартудың қажетi жоқ. А мен Е-нi қосып қойып, Ә жасаған әрине ақылға қонымсыз. Бiрақ, бастан аяқ үстiне апостроф берудiң да қажетi жоқ. Өте жиi пайдаланылатын әрiптерге апостроф немесе басқа белгiлердi қоса беру адамдарды шатастырады», - дедi Тiлеухан.


Еске сала кетсек, жуырда Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобымен кездескен едi. 




Көрілген: 709    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 11.10.2017, 15:25

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31