Мәселе

Бекшин Алматыда тараған менингитке қатысты түсінік берді

  • Бекшин Алматыда тараған менингитке қатысты түсінік берді

    Бекшин Алматыда тараған менингитке қатысты түсінік берді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда менингококтан қайтыс болу оқиғаларына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Менингитті қоздыратын neisseria meningitidis әрдайым көпшілік орында таралады, ал қазіргі тұрақсыз ауа райы, салқын күндер бактерияның таралуына себепші болып отыр. (...) Біз Алматыдағы эпидемиологиялық ауруды тіркеп отырмыз. Бұл - маусымдық ауру. Ол көбінесе суық кездерде болады, көктемде, иммунитет әлсіз кезде. Алматыдағы ауру-сырқау толқын тәрізді циклдік сипатқа ие болып тұр", - деді Бекшин журналистердің сұрақтарына жауап беріп. Оның айтуынша, 2013 жылы 49 оқиға тіркелген, 2015 - 66 оқиға, ал ең көп тіркелген жыл 2011 болды, ол кезде Астана қаласында 211 адам ауырған. "Қазіргі таңда Алматыда менингитке шалдығудың 29 оқиғасы тіркелді және олар зертханалық негізде расталған. Қазір біз эпидемияға қарсы шараларды жүргізіп жатырмыз - мәдени-көпшілік шараларға шектеу қойдық, әсіресе жабық ғимараттарда. Бүгінгі таңда мектептердегі сабақ аяқталды, ол да жағымды әсер етеді. Бактериялар үшін ең қауіпті нәрсе - күннің сәулесі және біз күн ысығаннан кейін аурудың беті қайтады деп ойлап отырмыз. Сонымен қатар, балабақшаларда профилактикалық шараларды жүргізіп жатырмыз - фильтрлер орнаттық", - деді Бас дәрігер. Бекшиннің айтуынша, суық тиген жағдайда бірден емделіп, профилактика жасау қажет. "Мұндай жағдайда ғимараттың ішіндегі ауаны тазартып, дезинфекциялық заттардың көмегімен ылғалды тазалық жұмысын жүргізуге кеңес береміз. Бұл санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар ауру-сырқауды реттеуге жол береді. Ең бастысы, назофаренгит, суық тию белгілері бар науқастар бірден медициналық қызметкерлерге баруы керек. Дерттен қайтыс болғандардың барлығы дәрігерлерге кеш барғандар", - деді Бекшин. Еске сала кетейік, 21 мамырда бұл дерт 15 адамда анықталған еді. Жалпы үш адам қайтыс болды - екі ересек адам мен бір бала. Кейін Алматыда менингокок инфекциясынан 1-курс студентінің қайтыс болғаны анықталды. Менингококк инфекциясы - инфекциялық жұқпалы ауру, ол түрлі клиникалық белгілермен бактериялар арқылы пайда болады - таратушыда белгілері білінбейтін болуы да мүмкін немесе назофарингиттен (мұрын-жұтқыншақ қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) болуы мүмкін. Инфекцияның көзі - ауру адамдар және дені сау таратушылар.

 




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

сенбі, 26.05.2018, 11:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31