Мәселе

Белгілі блогер Абайды ұлы деп айтуға үзілді-кесілді қарсы шықты

  • Нұрлан Байділдә мен Абай Құнанбаев. Сурет: sn.kz

    Нұрлан Байділдә мен Абай Құнанбаев. Сурет: sn.kz

Белгілі кәсіпкер әрі блогер Нұрлан Байділдә қазақтың ақыны Абай Құнанбаевты мойындамайтынын айтып, оның осы заманда өмір сүрсе, әрі кетсе блогер болатындығын жеткізді. Бұл туралы NUR.KZ порталы кәсіпкердің жеке арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Оның ойынша, Хакім Абай халық үшін ештеңе істемеген. Сол себепті де ол ақынды ұлы деп санамайтын көрінеді.


«Айтқаным біреуге ұнамас. Бірақ ақиқатты айтатын кез келді деп ойлаймын. Оны дәл қазір қабылдай алмасаңыздар да, болашақ ұрпақ түсінеді деп үміттенемін. Қазақтың мақтанышы кім десең, бәрі "Абай" дейді. Мен мұнымен келіспеймін. Абайды өз басым мойындамаймын. Абай қандай жақсылығы үшін осынша дәріптеледі? Қиын-қыстау заманда қол бастады ма, батыр болды ма? Ол тіпті ауыл басқарған емес. Ол ақылды, жақсы адам. Бірақ бүкіл қазақ үлгі боларлықтай кемеңгер тұлға емес. Абайдың әкесі Құнанбай - нағыз азаматтығымен көзге түскен адам. Ел басқарды. Шынымен де үлгі боларлық тұлға. Абай біздің заманымызда өмір сүрсе, ары кетсе танымал блогер ғана болатын еді. Бұл туралы ол өз кітабында сыр ақтарған болатын. Бірінші қара сөзінде осы жасқа келіп не бітірдім, енді не істемекпін деген ойға келеді. Ол кезде Абай 45-те болатын. Демек 45 жасқа дейін Абай түк бітірмеген. Құр қыдырған, домбыра тартқан. Ешнәрсе істегісі келмеген», - дейді кәсіпкер Нұрлан Байділдә.


"Осының бәрін не үшін айтып отырмын, мақсатым не?" деген сұраққа кәсіпкер өзі былай тіл қатты:


"Кеңес үкіметі қазақтың игі жақсыларын құртып тынды. Бірақ халықты алдай тұруы шарт еді. Сондықтан үлгі боларлық тұлға ретінде Абайды таңдап алды. Әуезов болса артылған міндетті жоғары деңгейде атқарып шықты. Біз әлі күнге дейін Абай сияқтымыз. Қазақ отырып алып ойланғанды, аспанға қарап армандағанды, ешнәрсе істеуге құлқы жоқ, өмірден баз кешуге даяр. Мұның бәрі сол идеологияның, жақсы пиардың тікелей әсері. Шын мәнісінде, қазақта үлгі боларлық тұлғалар көп. Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Абылай хандар нағыз азаматтар. Солар сияқты болуға ұмтылуымыз тиіс. Сонда ғана мықты боламыз.


Сөз соңында блогер-кәсіпкер халықтың қазақтың нағыз қайсар азаматтарына қарап бой түзегенін қалайтынын айтты. 




Көрілген: 1287    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.07.2018, 17:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31