Мәселе

Бетімді былғап, шалбарымды шешті: Шымкентте зорланды деген оқушы оқиғаның қалай болғанын айтты

  • Бетімді былғап, шалбарымды шешті: Шымкентте зорланды деген оқушы оқиғаның қалай болғанын айтты

    Бетімді былғап, шалбарымды шешті: Шымкентте зорланды деген оқушы оқиғаның қалай болғанын айтты

Шымкентте зорланды деген балаға қатысты жаңа дерек шықты. Оңтүстік Қазақстанда бала зорланды деген хабар Күнгей жұртшылығын ғана емес, бүкіл елді дүрліктірді, деп хабарлайды КТК.

Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында бар-жоғы бірінші сыныпта оқитын Нұрсұлтан Байдәулетовті өзінен 7-8 жас үлкен 4 оқушы 5 ай бойы зорлап келген көрінеді.


Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан екен. Содан бері полицейлерге неше мәрте барғанымен тәртіп сақшылары шағымды тек қаңтар айында қабылдаған. Істің жүруіне аудандандағы білім саласының басшылары мен құзырлы органдар барынша қарсылық танытып жатыр дейді.

Ал, шенеуніктер мен зорлады деген балалардың ата-аналары бұл қып-қызыл жала деп отыр.


7 жасар Нұрсұлтан бір айдан бері мектепке барудан қалған. Әжесімен бірге тұратын ол үйінде дайындалады. Мектеп түгілі көшеге шығуға қорқатын ол өзінен ересек оқушылардан қаймығып қалған. Немересімен тұратын Шәрипа Батырбекова былтыр жаздың соңынан бастап Нұрсұлтан күн ара таяқ жеп, тіпті жүруге ауырсынып келетінін айтады. Не болғанын сұраған кезде баланың айтқанынан есінен тана жаздапты.


“Бала жылап келеді. Үсті кір боп келеді. Аяғы ауырады, басы ауырады. Мұрнынан-құлағанынан қан ағады. Шалбарын шешіп тықты деді. Жаңағы жаман үйдің алдында. Сөйтіп, мен жылайын десем жылай алмадым. Аузым скотчтанған еді деді. Түнде өте нашар ұйықтайды. Түнімен аласырайды. Сөйлейді, бақырады”, – дейді Нұрсұлтанның әжесі Шәрипа Батырбекова.

7 жасар баланы зорлады делінген жақын маңда тұратын 7 және 8-сыныпта оқитын 4 жеткіншек екен. Сәті келсе тасаға апарып ойына келгенін істейді деген оны соңғы мәрте қаңтар айында зорлапты. Тамыздан бастап жазған арызын тек қаңтарда тіркеген полицейлер білім бөлімімен қосылып, жәбір көргендерді қыспаққа алыпты. Сот-медициналық сараптаманы да бірден тағайындамай жүріп алған. Ал Нұрсұлтанның өзі біздерді бірнеше рет қорланған жеріне алып барды. Тіпті, көрген зорлығының санынан шатысқан.


“Мектепте, Марленнің үйінде, одан кейін Марленнің дәретханасында. Кейін шалбарымды шешті. Арт жағынан келді”, – дейді оқушы.


Ал, зорлады делінгендердің ата-аналары болса ұлдарына шаң жуытпайды. Нұрсұлтанның сөзін баланың сандырағына санаған олар оған базбіреулер қасақана осылай айтқызып жатыр дейді. Өз балаларымен осы жағдай бойынша талай мәрте сөйлескен, тіпті, полицейлер де тергеуге сан мәрте сүйрепті. Жаладан әбден мезі болғанын айтқан әйелдер енді Нұрсұлтанның әжесін сотқа бермекші.


“Ол кішкентай-ақ бала ғой деп күйіп-піседі. Ақырында мектепке де келгісі келмейді”, – дейді Абай ауылының тұрғыны Гүлмира Алимова.


Ал мектеп басшылары «зорлықшыл» деген оқушылардың тіпті үлгілі екенін айтуда. Оқу үлгерімі орташа болса да тәртібі керемет екен. Мұның бәрі қып-қызыл жала деген директор Нұрсұлтанның денесінен бірде-бір зақым табылмағанын айтады.


Бейбіткүл Селтанова, Жүсіп Баласағұн атындағы мектеп директоры:


-Дәрігерге апарған кезінде ол денесінде ешнәрсе шықпаған. Қорытынды тұр ғой менде. Облыстың қорытындысы да. Ол таза деген. Бопсалап отыр бұл кісілер енді.


–Сіздерді ме?


– Сондай болуы керек. Басқа ешқандай ештеңе емес.


–Ақша үшін бе?


Сондай шығар. Басқа не керек?


Биліктің сөзіне сенсек бала зорланбаған. Тіпті бұл туралы білім министрінің орынбасары Астанадан сұхбат беріп жатыр. Дегенмен, полицейлер мен білім саласының басшылары істі әдейі жауып отыр деген Нұрсұлтанның туыстары қайта сараптама тағайындатпақ. Сарыағаш пен Шымкентке сенбейміз деген олар енді көршілес Өзбекстанның мамандарына жүгінеміз деп отыр.


12 қаңтарда ол полицияға арыз беріп, екінші сабақтан кейінгі қоңырау кезінде немересін 13 жасар бала ұрып-соғып, зорлады деп шағымданған. Алайда Оңтүстік Қазақстан облысы сот сараптама институтының мамандары баланың зорланбағанын анықтаған. 




Көрілген: 1303    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.03.2018, 01:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31