Мәселе

Биыл тағы 6 облыс су астында қалуы мүмкін - ҚР ІІМ

  • Биыл тағы 6 облыс су астында қалуы мүмкін - ҚР ІІМ

    Биыл тағы 6 облыс су астында қалуы мүмкін - ҚР ІІМ

Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасқының орын алу қаупі бар. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты деп жазады ҚазАқпарат.


«Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірге көктемгі су тасқыны қатерін азайту үшін кешенді шаралар атқарды. Қазгидрометтің болжамды мәліметтері бойынша, жалпы елімізде қар көлемі нормадан төмен. Дегенмен, су тасқыны қаупі жердің көктемгі ылғалдану деңгейінің жоғары болуымен күрделеніп отыр. Қазіргі уақытта жер тоңының қалыңдығы 60 сантиметрден 1,5 метрге дейін жетеді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен біршама жоғары. Бірақ, қардың жиналуы да жалғасып жатыр», - деді министр.


Оның дерегінше, ең күрделі жағдай мұздың еріп, Сырдария өзені суының деңгейінің артуына байланысты Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында болуы ықимал. Сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында да су тасқының орын алу қаупі бар.


«Көктемі су тасқыны кезінде жағдайдың алдын алу мақсатында арнайы топтар құрылды. 49 мыңнан астам адамнан тұратын бөлімдер жасақталды. 16800 техника бар. Су тасқыны болған жағдайда халықты қауіпсіз жерге көшіруге арналған бекеттер анықталып, бағдарлары белгіленген. Қажетті көлік құралдарымен де қамтамасыз етілген. Ұлттық гвардия мен Ішкі істер министрлігінің әскери жасақтары да дайын», - деді Қалмұханбет Қасымов.


Министрдің дерегінше, жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 3,5 млн тонна текше метр қар шығарған. 8,5 мың тонна жанармай, 125 мың тонна қажетті материалдар бар. Әкімдіктер төтенше жағдайлар болған жағдайға 24,7 млрд теңге дайындап отыр. 




Көрілген: 639    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.02.2018, 10:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31