Мәселе

БЖЗҚ интернет алаяқтығы туралы ескертті

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан «дұрыс көшірме» алу үшін көмектесуге уәде берген алаяқтар қорды полицияға шағымдануға мәжбүрледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарды интернет алаяқтығының жиілеп кету оқиғаларына байланысты қырағы болуды екертеді.


«Бүгінде интернет алаяқтары аңғал азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тапқан. Олар ғаламторда түрлі есімдермен тіркеліп, Астана және басқа да қала тұрғындарына екінші деңгейлі банктерден несие ресімдеуге көмек көрсететіндіктері жөнінде түрлі жарнамалар береді. Жарнама бойынша хабарласқан адамға клиенттің төлем жүргізуге қабілеттілігін растайтын «дұрыс көшірмені» алу үшін «тиісті сыйақы» аударылуы тиіс банк картасының реквизиттері жазылған SMS-хабарлама жіберіледі. Қазіргі кезде БЖЗҚ осы тектес фактілер бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін мәліметтерді құқық қорғау органдарына жіберді», - деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.


ҚР азаматтары зейнетақы қоры туралы мәлімет пен тиісті анықтамаларды қордың кез келген бөлімшесінен, пошта байланысы, электрондық пошта арқылы, сайтта онлайн режимде немесе «БЖЗҚ» АҚ мобильді қосымшасынан, сондай-ақ электронды үкіметтің egov.kz сайты арқылы тегін алады.


 


 




Көрілген: 206    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.10.2018, 20:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30