Мәселе

Білім министрлігі ҰБТ-ның алынып тасталатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

  • Білім министрлігі ҰБТ-ның алынып тасталатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

    Білім министрлігі ҰБТ-ның алынып тасталатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

ҚР Білім және ғылым министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы жалған ақпарат таратудың үш жаңа фактісін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.




Министрліктің хабарлауынша, біріншіден, Бірыңғай ұлттық тестілеуді алып тастау туралы қаңқу сөздер қайта белең алған екен.


“Кейбір БАҚ (…) балалардың техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына түсу мүмкіндігін көбейту үшін, жұмысшы мамандықтарын алып шығуы үшін ҰБТ сертификатынсыз қабылдау туралы бұйрықты ҚР БҒМ тарапынан түсіндірме алмастан өз беттерінше тұжырымдап, ЖОО-ға қабылдау тәртібін таратқан. Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ сақталады. ҰБТ-ның алынып тасталуы мүмкін деген хабардың еш негізі жоқ”, – деп мәлімдейді министрлік.


Министрліктің мәлімдеуінше, тағы бір қате түсінік орта білім берудегі бала санына қарай қаржыландыруды енгізудегі жоспарлы жұмысқа байланысты. Халық арасында биыл мемлекеттік тапсырыс есебінен жеке мектептерде тегін орындар пайда болады деген ақпарат тарады.


“Бала санына қарай қаржыландыру шешімі жеке мектептердің өз қаржылық талаптарын қоюына ықпал етпейді және мемлекет ондағы тегін орындардың пайда болуына кепілдік бермейді. Сөзсіз, бала санына қарай қаржыландыруды енгізу жеке мектептердегі оқыту құнын төмендетеді және болашақта бос орын көбейіп,  нарықта ұсынысқа толы болса, “Балапан” бағдарламасы секілді жеке мектептерде тегін орындар пайда болуы мүмкін. Бірақ, айтылған шаралардың биыл жүзеге асарына күмәніміз бар”, – деп пікір білдірді министрліктің баспасөз қызметі.


Сонымен қатар мекемеге грантқа құжат тапсырған ғалымдардың ұлттық ғылыми кеңес құрамында болуға құқықтары болмағаны туралы дезинформация жеткен.


«Іс жүзінде Қазақстанның барлық ғалымдары өтінім беруді жоспарлады, ғылыми ұжымдар бұл кеңестердің құрамында еңбек сіңірген ғалымдардың болуын талап етті. Алайда, өз жобасы бойынша талқылау/дауыс беру сәтінде ғалымға талқылау бөлмесінде болуға тыйым салынды. Сол себепті алғаш рет ұлттық кеңестердің отырыстары бейнетаспаға түсіріліп, Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының сайтына салынды”, – делінген хабарламада.


Stan.kz



Көрілген: 1471    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.02.2018, 19:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31