Білімнің шыңы: жақсы мен жаманды айыра білу

Білімнің шыңы: жақсы мен жаманды айыра білу

Адам баласы ұдайы таңдау үстіндеміз. Нені таңдаймыз сонда?! Жауап біреу – нәтижені таңдаймыз. Нәтижеге жету үшін ақ пен қараны ажырататын білім керек. Алла Тағала сүйген құлыма «ақ пен қараны ажырататын білім берем» деген. Осыған қарағанда, шынайы білімнің  адам өмірі үшін қаншалықты қажет екенін аңғаруға болады. Ақ пен қараны ажырату деген не?! Сіздің алдыңызда екі қиындық немесе екі сауапты іс тұр дейік. Ақ пен қараны ажырататын адам – қиындықтың жеңілін, сауаптың көбін таңдайды.

Таңдау білім арқылы жасалады. «Білім – амалдың басы» дейді ғұламалар. Яғни, сөз  бен амалдың дұрыс болмағы білімнен. Ал, ақихатты танымаған білім, білім емес. Ал, амал болмаса нәтиже де болмайды. Яғни нөл. Ендеше, амалдың нәтижелі болуы білімге байланысты. Сол үшін адам нәтиже беретін білім іздеу керек.
Мысалы, сізге бір жұмыс тапсырылып, одан нәтиже сұралмайтын болса, сіз оған бас ауырытпайсыз. Ойыңызға не келсе соны істейсіз. Жұмыстың быт-шытын шығарасыз. Сол сияқты мына өмірдің мәнін білмейтін адам ойына келгенді істейді. Ондай адамдар үшін: ақырет, қияметтің сұрауы, есеп беру, Алла алдында амалдардың таразылануы… ойыншық сияқты елестейді. Өйткені, ол нәтижені білмейді. Өз қалауымен өмір сүреді. Шайтан немесе Батыс демократиясы – сен еріктісің, азаматтық қоғамда өмір сүріп жатырсың, адам құқығын қорғайтын халықаралақ Хартиялар бар, өз қалауыңмен өмір сүр… деп азғырады. Соған сеніп өмірін өткізеді.
Сонымен қысқасы, адам баласы қалай өмір сүресің оны өзің таңдайсың. Таңдау – Алла Тағаланың адамға берген шексіз еркіндігі һәм нығметі. Бірақ Алла Тағала рұхсат етпеген еркіндік бізге – зиян.  Рұхсат еткен еркіндігі бізге – пайда.
Айталық, күллі жаратылыс үлкен ыдыста тұр. Жақсы мен жаман бөлінген, арасында сызық бар. Егер де осы сызық алынып тасталса не болмақ. Жақсы мен жаман араласып кетеді. Демократия жарықтық бізге осы сызықты қолыңмен жұлап таста, деп үгіттеуде. Мұсылман адам осы сызыққа жоламауы керек. Және жақсыны таңдау керек. Абай, «жақсы менен жаманды айыра алмадың, бір ұртың май, бір ұртың қан» деп неге налыды.
Абай нәпсі қалауына емес, шариғат бұйырығына бағын деп тұр. Нәпсі нені қалайды?! Не ұнайды соны қалайды. Нәпсіге ерген адам мына дүниеге дос болады. Олар ақыретте таласады. Ақыретте таласпайтындар – ақыреттік достар.
Қадірлі ағайын, шайтан «мен адамдардың тура жолында тұрам, оларды азғырам» деген. Бірақ Алланың қорғанында болған пендеге оның үкімі жүрмейді. Егер шайтанға ерсең, Алла сол малғұнмен бірге тастап қояады. Осыдан сақ болайық қадірлі жамағат!

namys.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста