Мәселе

"Бір күнде 400 адам жұмыстан шығарылған". "Абу Даби Плазада" тағы бір дау шықты

  • "Бір күнде 400 адам жұмыстан шығарылған". "Абу Даби Плазада" тағы бір дау шықты

Астанадағы Абу Дабидің құрылысына қатысты тағы дау шықты. Бұл жолы Елордадағы ең биік ғимаратты салып жатқан 400-ге жуық адам бір күнде жұмыссыз қалған. Құрылыс компаниялары алдын ала ескерту жасамаған. Және өтемақы төлемейтіндерін ашық айтқан көрінеді. Алайда, жұмысшылар бұған қарсылығын білдіріп отыр. Бір-бір үйді асырап жүрген азаматтар Еңбек кодексі бойынша өз құқықтарын талап етуге кірісті. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлады.


"Мен сенбі түнгі сменге түскем, жексенбі таңда шығамын. Бейджик істемей қалды. Ешқандай ескерту болған жоқ. Мал сияқты келді де, жұмыстан шығарып тастап жатыр. Біз сонда қайда барамыз, мысалы қақаған суық күнде? Менің бала-шағам бар, кредитім бар. Екі мың шақырымнан келіп отырмын", - дейді жұмысшы Мақсат Ахмет. Яғни, жұмысшыларға құрылыс компаниялары еш ескерту жасамаған. Басшылары өз еріктеріңмен орыдарыңды босатыңдар деп қысқа қайырыпты. Көнбегенді, Еңбек кодексімен қудалаймыз деп қорқытатын көрінеді. "Ештеңе бермейміз, сендер 49- баппен жұмыстан шығарамыз жұмыс бітті дейді. Жұмыс біткен жоқ, барып көріңіздер. Абу Даби сол күйде тұр, 40-50 пайыз бітсе біткен шығар. Онда шетелдіктер тып-тыныш жұмыс істеп жатыр", - дейді тағы бір жұмысшы Мұхтар Қалдыбек. Абу Дабиге кіндігі байланып қалған ешкім жоқ. Жұмысшылар тек заң бойынша өздеріне тиесілі өтемақаны талап етіп отыр. Ал әркімнің жалақысы еткен еңбегіне қарай әртүрлі. 200 мың теңгеден бастап 300 мыңға дейін жетеді екен. "Компания банкрот болған жағдайда 1 айлық төлейді, егер компания жұмысты тоқтатып, объект біткен жағдайда дейді ол кезде 2 айлық төленеді дейді. Алдында үш ай болған, 2015-те кодексте өзгеріс болған, сол үшін екі айға өзгертіп қойған", - дейді ол. Бұл азаматтарды отандық төрт құрылыс компаниясы жұмысқа алған. Демек, Еңбек туралы кодекстің талаптарын бұзып отырған да жергілікті мекемелер. Онда жұмысшылардың жанайқайына құлап асатын ешкім болмаған соң, құрылысшылар "Нұр Отаннан" араша түсуді сұрап келген. Өз кезегінде олар мәселені шешуге кірісіп кеткенін айтқан. "Біз құрылыс компанияларының өкілдерін шақырып, әкімдіктегі әріптестерімізбен бірге сөйлесеміз. Егер сіздер айтқандай, шынында да қаншама адамды жұмыстан негізсіз шығарса, мәселені шешеуге көмектесеміз", - деп хабарлады "Нұр Отан" партиясы Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев. 




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 10:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31