Мәселе

Бүркіт көлік айнасын ұрлайтындардың полицейлермен бірігіп жұмыс істейтінін айтты

  • © sn.kz

    © sn.kz

Денис Теннің өлімі бәрімізге сабақ болды. Қайғылы жағдайдан кейін көпшіліктің жиі айтқан сөзі осы болды. Бірі «Енді ұрланған затты алмаңыздаршы» десе, екінші бірі - 60 мың теңге үшін адам өлтіртуге жеткізген билікті кіналап жатыр.


Эстрада жұлдызы Бүркіт спортшының басындағы жағдай Алматыда көп кездесетінін айтады. Тіпті ұрылардың полицейлермен бірігіп жұмыс істейтінін да жайып салды.


«Жаның жәннатта болсын, Денис! Бұл енді сұмдық. Автокөлік айнасы үшін тапа-тал түсте… Әлі де сене алар емеспін. Бұған қашан тосқауыл қойылады? Алматыда айна ұрлау оқиғасы жиі тіркеледі, бірақ олар қару ұстап жүреді деп ойламаппын.


Өзім де бірнеше мәрте бұлардың құрбаны болғанмын! Бір жолы Төле би көшесінің бойындағы автобазар маңында ұстап та алдым. Бір емес, бірнеше адам боп жүреді. Демек бұл – банда. Бірнеше рет әйнегімді сындырып та кеткен. Балоныңды кесіп кететіндер де бар.


Бұлардың үстінен полицейлер қарайды деп те естідім. Енді адам өлтіруге шыққан. Жаным ауырып әрі ұяттан қысылып отырмын. Мүмкін енді билік бұны қатаң бақылауға алып, барлығын тиісінше жазалайтын шығар?! Олардың үстінен қарайтындарды да жазалау керек», – деп жазды Бүркіт.


Айта кетейік, Денис Тен Алматыда 19 шілде күні көлігінің айнасын ұрлап жатқан ұрылардың үстінен түсіп, пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. 3 литр қан жоғалтқан спортшы бірнеше сағаттан кейін есін жимастан көз жұмды. 


sn.kz




Көрілген: 1423    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.07.2018, 17:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31