Мәселе

Бұрынғы Шымкент әкімінің мүгедек қызы елден жанұшыра көмек сұрауда (фото)

  • © nur.kz

    © nur.kz

2006 жылы Шымкент қаласының әкімі болған Өмірзақ Әметұлының қызы Әмет Гүлжан Өмірзаққызына шұғыл түрде ем алу қажет. Бұл туралы оның анасы Байділдаева Әлия NUR.KZ порталына хабарлады.


Әлияның айтуынша, қызының шенеунік әкесі науқас перзентіне көмек беруден бас тартқан. Ал баланың жағдайы күннен күнге нашарлап барады, дейді ол.


Былтыр күзде Әлия елді шулатқан мәлімдеме жасап, бірқатар БАҚ беттеріне сұхбат берген болатын. Ол өзін Өмірзақ Әметұлы зорлап, кейіннен "тоқал" болуға мәжбүрлегенін жеткізген. Сонымен бірге, келіншек Әметұлына екі бала туып бергенін және онымен бірге бірнеше жыл бірге тұрғанын айтқан еді.



Әлия Өмірзақ Әметұлының жас қыздан балалары бар екенін естіген оның заңды әйелі өзіне қоқан-лоққы көрсеткенін және балаларын жетімдер үйіне өткізуін талап еткенін мәлімдеген. Ол тіпті осыған қатысты елге видеоүндеу жариялағаны ел есінде. Осы жайтты естіген отандық продюсер Баян Алагөзова қолдау білдіріп, оның мәселесін көтеруге тырысқан еді.


Алайда араға жарты жыл салып, келіншек тағы да елден көмек сұрауға мәжбүр болып отыр. Айтуынша, ол әлі қудалануда, сондықтан бүгінгі таңда Әлия өзі секілді әйелдерге қамқор болып отырған дағдарыс орталықтарының бірінде екенін жеткізді.



"Үлкен қызым Әмет Гүлжан Өмірзаққызына көмектесулеріңізді сұраймын. Оған шұғыл түрде ем алу қажет. Диагнозы - микроцефалия, целебралды сал ауруы, ауыр дәрежедегі спастикалық тетрапарез, сөйлеу және моторикалық қозғалысы тежелген, симпотоматикалық талмасы бар. Гүлжан қазір сегіз жаста. 2013 жылы оны Түркиядағы "Аджибадем" клиникасына апарып емдеткен едік.

Қымбат дәрілер алып, түрлі оңалту процедураларын жасаған соң, оның жағдайы жақсарып, басын тіктеп ұстай алатын болды. Ол кезде күн сайын ем қабылдайтын едік. Алайда соңғы үш жылда өмірімдегі қиындықтарға байланысты оны емдеуге мүмкіндігім болмады. Қызым сағат сайын жылаумен болады. Жағдайы күннен күнге нашарлап барады. Ал ем алу үшін қыруар қаражат керек", - деді Әлия.

Экс-шенеунік болса, әйелі барлық жағдайды біліп қойған соң, Әлия мен одан туған қыздарына көмек беруден мүлдем бас тартқан. Айтуынша, ол 29 мың алимент төлейді екен. Алайда бұл сома баланы емдету тұрмақ, киім-тамағына да толықтай жетпейді екен.


Әлияға қаржылай көмек көрсеткісі келетіндер +7701 817-88-88 нөмеріне хабарасуына болады.


KIWI кошелек: 8 701 817-88-88


Kaspi gold: 5169 4931 2046 6019


Aliya Baidildaeva 




Көрілген: 1346    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.07.2018, 10:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31