Мәселе

Былтыр елімізде 17 жасқа дейінгі 3 мыңға жуық қыз жүкті болған

  • © azattyq.org

    © azattyq.org

Денсаулық сақтау министрлігінің Азаттыққа берген ақпаратына сәйкес, 2017 жылы Қазақстанда 2947 қыз 17 жасқа дейін жүкті болған. Олардың 20-сы - 15 жасқа дейін аяғы ауырлап қалып, 19-ы түсік жасатқан.


Министрліктің жазуынша, былтыр ресми органдар 15-18 жас аралығындағы қыздар арасында 1 305 түсік тіркеген. "2016 жылы бұл көрсеткіш 1 434 еді" деп жазады министрлік.


Ресми ақпарат бойынша, 2017 жылы 15-18 жас аралығындағы бала босану коэффициентері әр 1000 бойжеткенге шаққанда 7,9 баладан келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2017 жылғы жасөспірімдер арасындағы жүктілік көбіне Оңтүстік Қазақстан облысы (545), Алматы облысы (381), Жамбыл облысы (263), Қарағанды облысы (212) мен Шығыс Қазақстан облысында (190) тіркелген.



Кестедегі деректер Денсаулық сақтау министрлігінің жауабынан алынды.


Кейінгі жылдары 15-19 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында бала туғандар саны көбейіп келеді. Ресми статистикаға сай, 2010-2011 жылдары бала босану коэффиценті әр 1000 бойжеткенге шаққанда 30 баладан келсе, 2015-2016 жылдары бұл көрсеткіш 36-ға жеткен. Бұған қоса, жүкті болып қалған қыздардың 62 пайызы түсік жасатқан. 2016 жылы ресми органдар 15-18 жас аралығындағы қыздар арасында 1400 түсік тіркеген. 2015 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 1,3 есе көбейген. 




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.06.2018, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31