Мәселе

Дабыл! Елімізде екі күнде 20 адам суға кетті

  • © uralskweek.kz

    © uralskweek.kz

Қазақстанда өткен сенбі мен жексенбіде шомылып жүрген 20 адам көз жұмды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.


Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан (бес адам), Қызылорда (үш адам), Қарағанды (үш адам), Солтүстік Қазақстан (екі адам), Алматы (бір адам), Қостанай (бір адам), Ақмола (екі адам), Батыс Қазақстан (бір адам) облыстарында, Астана (бір адам) мен Алматы (бір адам) қалаларында болды, олардың барлығы рұқсат етілмеген орындарда шомылған.


Төтенше жағдайлар комитеті су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін және рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын тағы да ескертеді.


ТЖК атап өткендей, азаматтар көп жағдайда құтқарушылардың сөзіне құлақ аса бермейді.


Мысалы, Қостанайда құтқарушылар рейдтік шаралар кезінде шомылуға арналмаған жерде суға түспек болған азаматтарға ол жердің қауіпті екенін ескерткен. Бірақ ешкім тыңдамаған. Олар суға батып жатқанда ер адам құтқарып қалған, алайда өзі суға кетіп қалған.


Sputnik


 


 




Көрілген: 173    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.07.2018, 11:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31