Мәселе

Даниал Ахметов дәрігерлерді баспанамен қамту жөнінде тапсырма берді

  • Даниал Ахметов дәрігерлерді баспанамен қамту жөнінде тапсырма берді

    Даниал Ахметов дәрігерлерді баспанамен қамту жөнінде тапсырма берді

 Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы бойынша шамамен 60-қа жуық дәрігер маман жетіспейді. Аймақ басшысы Даниал Ахметов аудандар мен қалаларға баруға келісімін берген жас мамандарды жыл соңына дейін тұрғын үймен қамту керектігін қадап айтып, әкімдерге тиісті тапсырма берді. Бұл туралы Алтайньюс сайты жазды.


Медицина саласының мәселелері сөз болған облыстық әкімдіктің кезекті мәжілісінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов баяндама жасап, аймақта дәрігер мамандардың тапшылығы байқалатынын жеткізген болатын.


«Бізге 58 дәрігер қажет екен. Оның 12-сі – акушер-гинеколог, 8-і – неонатолог, 38-і – анестезиолог. Қолымызда нақты цифрлар бар. Енді осы проблеманы шешу жолдарын қарастырайық. Әрине, бірінші кезекте бұл мамандардың барлығына да жұмыс жүргізуіне қажетті жағдай жасайтын боламыз. Баспана мәселесін шешіп береміз. Тек мамандарды табыңыздар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудан-қала әкімдеріне тез арада тапшы дәрігерлердің орнын толтыру, оларды үймен қамту мәселелерін шешуді тапсырамын. 1-ші қаңтарға дейін бұл проблема күн тәртібінен түсуі керек», – деді аймақ басшысы.

 


Baq.kz


 




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.10.2018, 19:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30