Мәселе

Дәрігерге қаралудың ұяттығы жоқ...

  • Дәрігерге қаралудың ұяттығы жоқ...

    Дәрігерге қаралудың ұяттығы жоқ...

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, сүт безі қатерлі ісігі күн санап көбейе түсуде. Сондықтан бұл аурудың қалай алдын алып, қалай емделу керектігін айтқанның артықтығы болмас.

Осы мәселе жөнінде Алматы Онкология орталығының клинико-диагностикалық арнайы бөлімінің меңгерушісі, хирург-онколог, маммолог дәрігері Мұратжан Сақтағанов түсініктеме беріп өткен еді.

Сүт безі қатерлі ісіктері, біздің Қазақстан бойынша және Әлем бойынша әйелдердің ішінде бірінші орында тұр. Жиырма пайызға дейін әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігін анықтау мүмкін болмай тұр, себебі, дер кезінде дәрігерге қаралмағандықтан деп айтуымызға болады. Біздің жеңістеріміз соңғы жылдары сүт безі қатерлі ісіктерінің 1-ші, 2-ші сатысында 80 пайыздан астамын біз анықтап отырмыз. Онымен не айтпақшымыз? Соңғы жылдары әйелдер уақытында келетін болды, дәрігерлерден ұялмайтын болды, өзінің денсаулығына қарайтын болды. Және де бізге бірден-бір көмек беріп отырған скринигтік бағдарлама. Соған енді біздің Қазақстанның тұрғындары назар аударып, скринингтен өтуге шақырған уақытысында барса, арнайы уақыттарын бөліп қаралса, аурудың алдын алуға көп септігі тиер еді. Өз мекенжайлары бойынша жылына бір рет дәрігерлік тексеруден өтіп тұрса, ең болмаса, шақырған уақытысында барса екен дейміз.Қазақстан тұрғындарына айтарымыз, біздің дәрігерлер сіздерді қарауға, қабылдауға дайын. Ешқандай кедергі жоқ, еліміз бойынша скринингтен өту тегін жүргізілуде. Ауырып ем іздегеннен, аурудың алдын алуға бәріміз атсалысайық,- дейді. Сонымен қатар, маммолог дәрігер зиянды әдеттерге бой алдыру, түсік жасату, баланы жеткілікті еміздірмеу, жөнді тамақтанбау сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу қаупін арттыра түсетіндігін айтып отыр. Сондықтан, сүт безінің түсі, пішіні өзгерер болса, оның бетінде немесе қолтығында ауырмайтын түйіндер пайда болса, емшек ұшы тартылса немесе одан сұйықтық шығатын болса тез арада дәрігерге қаралып, маммографиядан және ультрадыбысты зерттеуден өту қажеттігін ескертеді.


Гүлбану Алпамысқызы


 


 




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

жұма, 13.04.2018, 16:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30