Мәселе

Денис Тенді өлтіргендерді жақтап шыққан мұғалім елден кешірім сұрады (видео)

  • © mk.ru

    © mk.ru

Желіде Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдіріп, оны өлтіргендерге мақтау айтқан қолданушы елден кешірім сұрады. Айтуынша, оның бұл ісі ақымақтық болған деп хабарлайды NUR.KZ.


Олимпиада жүлдегері, бірнеше дүркін әлем чемпионы Денис Теннің өлімі бүкіл қазақ елін дүр сілкіндірді. Бұл жаңалықты естіген ешбір қазақстандық оның қазасына бей-жай қала алмады. Алайда Денисті өлтіргендерді қолдап, оларды желіде мақтаған Шерхан есімді желі қолданушысы жұрттың қаһарына ілікті.


Шерхан Бауыржанұлы өзінің желідегі парақшасына Денис Теннің суретін салып:


"Осыны өлтірген жігіттер мадис. Красавчики", - деп жазып қойған (жазбадан алынған үзіндіде автордың жазу стилі сақталған).

Аталған жантүршігерлік жазбаны БҚО Қазтал ауданының тұрғыны Шерхан Бауыржанұлы жазғаны анықталды. Ол орта мектептердің бірінде ұстаздық қызмет атқарады.


Қазіргі таңда Шерхан Бауыржанұлы өзінің әрекетін бұрыстығын толықтай мойындап, елден кешірім сұрады. Бұдан бөлек ол еліміздің Қылмыстық кодексі бойынша тиісті жазасын алатын болады.


 




Көрілген: 1116    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.07.2018, 12:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31