Мәселе

Денис Теннің көлігінен ұрланған айналарды кімнің сатып алғаны анықталды

  • ©Tengrinews.kz

    ©Tengrinews.kz

Денис Теннің көлігінен ұрланған айналарды кімнің сатып алғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


Журналистер министрдің орынбасарынан полицейлердің Денис Тенді өлтірді деген күдіктілерді қалай іздеп тапқанын және күдіктілердің көлік айналарын қайда барып сатпақ болғанын айтып беруді сұрады.


"Жұмысымыздың әдістерін толық ашып айтқым келмейді. Бұл әдістер тиімді, аздаған уақыттың ішінде қылмыс жасады деген адамдарды анықтап, оларды ұстауға жағдай туғызды", - деп мәлімдеді Жақыпов.


Оның айтуынша, полицейлер мұндай тиімді әдісті кез келген қылмыстың бетін ашуда қолданады.


"Полицейлеріміздің ауыр және аса ауыр қылмыстарды аз ғана уақытта ашып берген жағдайларын көптеп келтіре аламын. Бұл әдістердің жиынтығын жедел тергеу шаралары деп қана атаймыз. Денис Теннің көлігінен алынған айналарға келсек, біз сол айналарды сатып алмақ болғандардан жауап алдық. Оларға қатысты да сәйкес шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Рашид Жақыпов.

 




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.07.2018, 15:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31