Мәселе

Депутат: Бейбіт заманда соғыстағыдай қаза тауып жатыр

  • © Е1

    © Е1

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Қазақстанда көлік жүргізу куәлігін алуға қатаң талаптар қоюды ұсынды. Ол 2018 жылы Қазақстанда жол-көлік апаты кезінде екі мыңнан астам адамның көз жұмғанын айтты. Сондай-ақ, Казанцев өткен жылы 20 445 адамның жол апаты салдарынан жарақат алғанына назар аударды.


"Бейбіт заманда адамдар соғыстағыдай көз жұмып жатыр. Ашық дереккөздеріне сүйенсек, бұл көрсеткіш Қазақстанның он жыл ішінде Ауғанстандағы соғысқа қатысып көз жұмғандар санынан әлдеқайда көп. Жалпы, жарақат алғандардың 70%-і — еңбекке жарамды жастағы азаматтар екенін айта кетуіміз керек. Жол-көлік апаты кезінде көз жұмғандардың көп бөлігі мүгедек болып қалады", — деп Казанцев ішкі істер министрлігіне депутаттық сауал жолдады.


Оның айтуынша, тәуелсіздік алғалы жол-көлік апатының саны 18 мыңнан 16 мыңға дейін азайды. Яғни, тек 15% қысқарған.


"28 жыл ішінде біз шамамен 82 мың адамды жоғалттық. Ал жапа шеккендердің саны жарты миллионнан асады. Көз жұмғандар саны азайғанымен, 2018 жылдың 11 айының ішінде жапа шеккендердің саны 1991 жылғы көрсеткіштен асып кетіп отыр. Мұның барлығы 28 жыл бойы қолға алынған шаралар мен техникалық амалдар жүргізілгеніне қарамастан болып отырғанын ескеруіміз керек", — деді экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.


Сондай-ақ, ол көлік санының өсуі көптеген жол апатына себеп еместігіне назар аударды. Депутаттың айтуынша, жол-көлік апатының көпшілігіне адамдардың көлікті дұрыс басқара алмауы себеп.


Казанцев ішкі істер министрлігінен көлік жүргізуді үйрететін ұйымдардың куәлікті алу үшін тапсыратын сынаққа талаптарды күшейтуін сұрады. Мұнымен қатар, жүргізушілерді апаттың алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керектігіне үйретудің маңыздылығына тоқталды.


Депутаттық сауалдың жолдануына жол-көлік апаттарының көбеюі себеп болды. 29 желтоқсан күні Алматы қаласында Абай және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында көлік апаты болып, үш адам көз жұмды. Олардың арасында актриса Шолпан Елгезекова да бар. Бұдан өзге 28 желтоқсан күні 14 жастағы жасөспірім 22 жастағы қызды Қызылорда қаласындағы жаяу жүргіншілер жолында қағып кетті.


Sputnik


 




Көрілген: 273    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.01.2019, 15:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 11:02
    Мені өлтірмеші, мама!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31