Мәселе

Депутат мектепте кей пәндерді ағылшын тілінде беру жүйесіне күмән келтірді

  • © muitodiva.com.br

    © muitodiva.com.br

Мәжіліс депутаты мектептегі кейбір пәндерді ағылшын тілінде беру жүйесінің тиімділігіне күмән келтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады. Ол өзінің сауалында мектептегі кейбір пәндерді ағылшын тілінде беру жүйесі туралы мәселені көтерген.


"Астанадағы лицейлердің бірінде ағылшын тілінде сабақ беруді тексеру үшін биология пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Мұғалім барлық айтар тәлімін қағазға қарап тұрып, шала ағылшын тілінде оқып шықты. Сабаққа қатысқан оң әсері үшін 30 баланың бесеуін таңдап алып, сөйлетіп қойған", - дейді Ирина Смирнова.


Депутат өз сөзінде физика, химия, биология пәндері мұғалімдерін ағылшын тіліне үйрету үшін соңғы екі жыл бойы мемлекет есебінен қаражат бөлініп жатқанын атап өтті. Алайда үш ай мұғалімнің ағылшын тілін меңгеруіне жетпейтіндіктен, кейбір ұстаздарды курстардан қайта өткізу қажеттілігі туындап отыр.


Смирнованың айтуынша, ағылшын тілінде ойламақ түгілі, түсіндіріп бере алмайтын мұғалімнің сабақты ағылшын тілінде жүргізуі тиімсіз. Физика, химия, биология пәндерін кейбір оқушылар тіпті өз тілінде меңгере алмай жатады.


Сонымен бірге, Ирина Смирнова 10 сынып оқушыларының 10-15 пайызы ғана ағылшын тілін меңгеріп, осы тілде басқа пәндерді оқи алатынын айтады.


Депутаттың пайымдауынша, қазіргі таңда білім беру жүйесі енгізіліп жатқан Назарбаев зияткерлік мектебінде аталған пәндерді бір уақытта екі мұғалім береді. Нақтырақ айтқанда, екі мұғалімнің бірі ана тілінде, екіншісі ағылшын тілінде оқытады.


Жоғарыда аталған жайларды ескере отырып, «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары бұл мәселені прагматикалық тұрғыда қарастыруды ұсынды. Нақтырақ айтқанда, олар тарапынан мектеп оқушылары 9 сыныпқа дейін үш тілді еркін меңгеретіндей тіл білімі сабақтарын сапалы ету ұсынылып отыр.


«Халық коммунистері» фракциясы депутаттарының пайымдауынша, бұл қадам оқушы үшін білімді кез келген тілде алу мүмкіндігін ашады. Сондай-ақ, олар мектеп бітіру туралы куәлікте және аттестатта баға емес, тілді білу деңгейін белгілеуді, ЖОО-лардағы филолог мұғалімдердің даярлығын жақсартып, физика, химия, биология пәндерін мектепте ағылшын тілінде тиімді түрде беру жүйесін енгізуді жөн деп есептейді.


 




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.12.2017, 15:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31