Мәселе

"Депутат модель" соққыға жығылды

  • "Депутат модель" соққыға жығылды

Көпшіліктің сынына ұшырап, «депутат-модель» атағымен танылған Динагүл Тасова Астанада өткен сән көрсетілімінен кейін соққының астында қалды. Төсін жалаңаштап, подиумға шыққаны үшін оны кездесіп жүрген жігіті көгала қойдай етіп сабап тастапты. Бұл жөнінде әрі модель, әрі елордалық жастар мәслихатының мүшесі өзінің инстаграм парақшасына суреттерін жариялап, ашық жазды. Айта кету керек, 28 жастағы арудың бұл образы қоғамда қатты наразылыққа ұшыраған болатын.


Сән әлемінде 5 жыл жүрген Динагүл осылайша өз елінде абыройының айрандай төгілгеніне қапалы. Бұған дейін де жастар мәслихаты мүшелігінде жүріп, алпауыт елдердің сән индустриясында ішкі киімдер көрсетіліміне қатысып жоғары бағаланып келген. Бірақ біздің қоғам мұндай образды қабылдауға әлі дайын емес дейді.


ДИНАГҮЛ ТАСОВА, модель:


– Көшеде не болмаса ойын-сауық кешінде жүрсем, егер менің жеке таңдауым болса мүмкін ренжуге болар ма еді? Тек қана сахналық образ, сахналық көрсетілім, сахналық сән. Сондықтан оған тек қана шығармашылық көзқараспен, сән көрсетіліміне деген көзқараспен қарау керек деп ойлаймын.


Даудың басы көрсетілім біткеннен кейін басталған. Қазақстандық дизайнердің атышулы селдір киімімен кең аудиторияға танылғандығы шамына тисе керек, үнемі қасынан табылатын жақыны теріс айналыпты. Тіпті, жұдырық жұмсап, жас модельді азаптаған көрінеді. Оны 28 жастағы ару өзінің желідегі парақшасына жариялап, жан сырын ақтарды.


ДИНАГҮЛ ТАСОВА, модель:


– Маған ауыз аштырып айттырған жоқ. Ол тек қана бас салып соққыға салды. Қол көтерді, ұрысты, ұрды. Телефонына видеоға түсірді қалай мені қорлап жатқанын. Маған бұл өте ауыр тиді.


Бір қызығы, соққының астында қалған Динагүл полицияға да, дәрігерге де жүгінбепті. Жас модель подиумдарға шығуын жалғастыра бермек. Ал, келешекте тұрмыстық зорлық-зомбылықтан азап шеккен қыз-келіншектерге қолдау көрсетуді армандайды. 


31 канал




Көрілген: 874    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.12.2018, 19:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31