Мәселе

"Дін ұстанатын" азаматтар арасында көп әйел алу жиілеп кетті – теолог

  • "Дін ұстанатын" азаматтар арасында көп әйел алу жиілеп кетті – теолог

 "Талақ" деген жалғыз сөзді айтып, әйелімен ажырасып жатқандар елімізде аз емес. Қорқыныштысы сол, күн өткен сайын ондайлардың қатары ұлғаюда. Имамдар мен дінтанушылардың бұл жағдайдың алдын алу қажеттігін айтып, дабыл қағуы бекер емес. Осы маңызды мәселелер төңірегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Құдайберді Бағашар айтып берді деп жазады ratel.kz.


«Кезінде Қазақстанда екі әйел алуды заңдастыру туралы мәселе көтерілгені белгілі, бірақ көпшілік қолдамады. Дегенмен бүгінгі күні заңсыз-ақ өздерін дін ұстанатын азаматтар қатарына жатқызатындар арасында көп әйел алушылық жиі кездеседі. Олар бұған исламның рұқсат ететінін алға тартып отыр. Дей тұрғанмен, соңғы уақытта діни ортада әйелдер арасында күйеуінен «талақсың» деген бір-ақ ауыз сөз естіп, тағдыры тәлкекке ұшырап жатқандар көбеюде. Көбіне бір сценарий: діндар әйел діндар күйеуге шыққысы келеді, танысады, азаматтығына сенім артады. Ол болса, біраз уақыттан соң талақ айтады. Әйел көп өтпей, дәл сондай екінші бір жігітке тұрмысқа шығады. Ол жігіт алғашқы күйеуінің танысы болуы да мүмкін. Бірақ бұл жігіт те ыстық- суығы басылған соң тез айниды. Әйел алдыңғының кебін құшып, басқа еркекпен некелеседі. Дәл осылай бес жылда тоғыз адаммен некелескен әйелдің Қазақстанда кездесуі расында бұл сорақы істің ел болашағына қатер төндіріп тұрғанын аңдатады. Имамдар да, дінтанушылар да бұл жағдайдың алдын алу керектігін айтып дабыл қағуда.


Ислам ажырасуға рұқсат берген. Дегенмен "Талақ – Алла тағала жек көре отырып рұқсат еткен іс" деген қағидатты белгілеп, оның талаптарын ауырлатқан. Ислам бойынша ерлі-зайыптыларда ажырасу мына жағдайлармен байланысты: біріншіден, ауру немесе үзір жағдайы. Яғни үйленгенге дейін не кейіннен пайда болған, бірге өмір сүруді қатты қиындатқан қандай да бір үзір не ауру себепті әйелдің ажырасуға құқы бар.


Екіншіден, күйеуі асырай алмағанда. Әйелдің ішіп жеу, киіну және басқа да шығындары күйеуіне тән. Күйеуінің жағдайы бола тұра жұбайына көңіл бөлмесе, оны аш, нашар жағдайда қалдыратын болса, әйел алдымен күйеуінен нәпақа алуға тырысады. Ол мүмкін болмаған жағдайда ажырасуға құқылы болады. Күйеуі кедей болса, әйелі оған опа танытып, одан ажырамағаны дұрыс.


Үшіншіден, күйеуі үйін тастап кетсе немесе жоғалып кетсе. Күйеуінің үйді тастап кетуі немесе тірі не өлі екені жайында еш хабар болмаған кезде төрт жыл күтіп, содан кейін әйел ажырасуды талап ете алады. Ислам ғалымдары күйеуі түрмеге түсіп не жау қолына тұтқынға түсу жағдайына қарай түрлі көзқарас білдірген.


Сондай-ақ, бірге тұра алмағанда не әйеліне қатты жәбір көрсеткенде және зинаға барған жағдайда ажырасады. Ал "Күйеуінен орынсыз ажырасуды талап ететін әйелдер жұмақтың исін сезбейді" деген хадистер ерлі-зайыптыларға ажырасуға сылтау іздемеу керектігін білдіруде.


Талақ — әзіл көтермейтін мәселе. Әзілдеп талақ айтуға болмайды. Шариғат бойынша әйелін үш рет талақ еткен ер адам жұбайымен қайта қосыла алмайды. Қайта үйлену үшін әйел басқа бір еркекпен тұрмыс құрып, одан талақпен ажырап, етеккір мерзімінің бітуін күтуі тиіс. Міне, сонда ғана бірінші күйеуі ол әйелді жаңа мәһрмен жаңа неке арқылы өзіне ала алады.


Ал бүгінгі күнгі кейбір теріс діни ағым өкілдерінің некеге тым жауапсыз қарауы, көп әйел алушылық исламда бар дегенді желеу етуі, жиі талақ айтуы бұл расында халықтың сол адамдарға деген ренішін тудыруда. Айналып келгенде, ол дінге деген салқын көзқарас тудырып отыр.


Аз уақыттың ішінде бірнеше ер адаммен некелескен әйел қайсысынан бала көтергенін де біле алмайтын жағдайлар бар. Бұның исламға дейінгі жахилия кезінен қандай айырмашылығы бар? Ислам әйел затына деген құрмет пен қамқорлықты жоғары қояды. Неке — ол Алланың алдында уәде бере отырып, жауапкершілік арқалау», – дейді Құдайберді Бағашар.


sn.kz




Көрілген: 663    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 24.12.2017, 12:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31