Мәселе

Дүйсенова "Абу-Даби Плазадағы" дауға қатысты түсініктеме берді

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова "Абу-Даби Плаза" кешенінде азаматтарды жаппай жұмыстан шығаруға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Әр кәсіпорын өзіне жұмысшы тартқан кезде, жұмыс көлемін белгілейді. Абу-Даби Плазада жұмыс істейтін 4 ұйым үшін құрылыс пен қосымша жұмыс көлемі белгіленді. Енді сол жұмыс аяқталып отыр. Келісімшарт бекіткен кезде жұмыс мерзімі де белгіленеді. Қазіргі таңда компания басшылары еңбек инспекторларына жұмысшыларына жоспарланған жұмыс көлемі аяқталып жатқанын алдын ала хабарлағандарын мәлімдеді. Абу-Даби Плазадағы төрт мекеме жұмыскерлеріне алдын ала ескерткен. Қазір жергілікті атқарушы органның еңбек инспекциясы тобы оқиға орнына аттанып, жұмыс берушілермен сөйлесті. Біріншісі, олар жұмысшыларға жұмыс көлемі бекітілген келісімшартқа сәйкес аяқталғаны туралы хабарландыру беретін болды. Орташа жалақы көлемінде өтемақы төленеді. Қазір осындай уағдаластыққа қол жетті", — деді Дүйсенова.


Министрдің айтуынша, қазір 4 компания туралы айтылып отыр, ал кешенде 11-ден астам компания жұмыс істейді. Жергілікті еңбек инспекциясының мәліметінше, 62 жұмысшы хабарландыру алған.


"Еңбек кодексінде нақты көрсетілген: кәсіпорынның экономикалық жағдайының нашарлауына байланысты азаматтар жаппай жұмыстан шығарылса, екі айлық жалақы қарастырылған. Егер біріншіден, бұл жұмыс көлемінің азаюйына және екіншіден, бұл туралы еңбек келісімшартын бекіткен кезде айтылса, онда бұл жұмыс көлемі орындалғаннан кейін жұмыстан шығару деп саналады және өтемақы ретінде бір айлық жалақы төленеді", — деді министр.


Еске салып өтсек, елордада салынып жатқан "Абу-Даби Плаза" кешенінің жұмысшылары наразылыққа шықты. БАҚ-тың хабарлауынша, құрылыс алаңында істейтін 400-ге жуық адам бір күнде жұмыссыз қалған. Құрылыс компаниялары алдын ала ескертпей, өтемақы төлемейтінін де ашық айтқан көрінеді.


Астанадағы Абу Дабиді жергілікті жұмысшылармен қатар шетелдік құрылысшылар да салып жатыр. Бірақ, жаппай жұмыстан қуу туралы тосын бұйрық тек ел азаматтарына қатысты. Далада қалған жұмысшылар болса, құрылыс компаниялары тиісті өтемақыны төлегенше тыным таппаймыз деп отыр.


Дүйсенова еңбек инспекциясының жұмысы аяқталғаннан кейін, қосымша ақпарат хабарланатынын атап өтті.


 


 


 




Көрілген: 566    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 16:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31