Мәселе

Екінші әйелге неке қиған имамдар жазаланады

  • Екінші әйелге неке қиған имамдар жазаланады

    Екінші әйелге неке қиған имамдар жазаланады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев имамдардың және діни қызмет өкілдерінің қатысуымен селекторлық жиналыс өткізді.


Жиналыс барысында ол көп әйел алу жөнінде пікірін білдірді. Ол екінші әйел үшін неке рәсімін жасаған молдадар заң алдында жауап береді деді. Президенттің сөйлеген сөздері YouTube-та қызу талқыға салынып жатыр. Бұл жаңалықты ВВC арнайы да көрсеткен.



− Соңғы уақытта шариғат заңы бойынша екінші әйелге үйленіп жатқан оқиғалар көбейіп кетті. Әсіресе ресми тіркелмей, тек мешіттерде некесін қидыратындар Ташкентте өте көп. Екінші әйелден заңсыз туылған балалардың ертеңгі тағдыры қалай болады? Құрметті имамдар, мұндай балалар сіздердің арларыңызға сын, − деп мәлімдеді Мирзиёев.



Өзбекстан президенті сонымен бірге азаматтардың ресми тіркеусіз некесін қиған имамдарды жауапқа тартатын заң қабылданатынын айтты.


kaz.365info.kz




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.12.2017, 14:37

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30